Қазақстан Халық партиясы парламенттік фракциясының депутаттары Солтүстік Қазақстан облысының Покровка ауылында орналасқан Жалел Қизатов атындағы Жоғары ауыл шаруашылығы колледжінде болды. Колледждің педагогикалық ұжымымен кездесу парламентшілердің сайлаушылармен кездесуі үшін өңірлерге жасаған сапары аясында өтті.
Өзінің тарихи дәстүрлері қалыптасқан оқу орнының құрылғанына бір ғасырдан астам уақыт өткен. Осы жылдар ішінде колледж Қырғыз ауыл шаруашылығы мектебінен Жоғары буындағы орта техникалық оқу орнына дейінгі жолдан өтті. Қазір бұл заманауи білім беру мекемесі, онда жыл сайын агрономия, ауыл шаруашылығы, ветеринария және т.б. салаларда 500-ге жуық білікті мамандар даярланады.
Колледждің жанында екі жатақхана бар, ал «Жас Маман» мемлекеттік бағдарламасы бойынша алынған құрал-жабдықтар студенттерге оқудан кейін бірден өндірісте жұмыс істеп кетуге мүмкіндік береді. Сонымен қатар, оқу бағдарламасы студенттердің 60% оқу уақытын практикаға бөлетіндей етіп құрылған. Алайда, ауыл шаруашылығы жұмысшы мамандықтары бойынша маман жетіспеушілігіне қарамастан, оқу орнының жүктемесі 50% ғана болып отыр.
– Облыстардың ынтымақтастығы аясында оңтүстік өңірлермен өзара іс-қимылды ойластыру қажет, - деп есептейді ҚХП депутаты Ирина Смирнова. - Мемлекет қаражаты есебiнен алынған сапалы және қымбат жабдық, бос қалмай, мүмкiндiгiнше көп оқушыға пайдалы болуы тиiс.