Қазақстан Халық партиясы парламенттік фракциясы депутаттарының Қостанай облысына жұмыс сапары жалғасуда. Мәжіліс депутаттарының делегациясы партияның жергілікті филиалында болып, азаматтарды жеке қабылдады және «Тобыл» футбол клубында кездесу ұйымдастырды.
ҚХП Қостанай облыстық филиалының активімен кездесуде парламентарийлер Мәжілістегі депутаттық фракцияның заң шығару жұмысы туралы айтып, ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың жақында «Egemen Qazaqstan» газетіне берген сұхбатын талқылады. Сондай-ақ филиал мен депутаттық фракция арасындағы ынтымақтастық жоспарларын белгіледі.
– Бізде Қостанай облысындағы әлеуметтік-экономикалық жағдайды әрмен қарай жақсартуға бағытталған өзара іс-қимыл жөніндегі жобалар бар, - деп атап өтті парламенттік фракция басшысы Магеррам Магеррамов.
Сондай-ақ, партия мүшелері «Тобыл» футбол клубының басшылығымен және жаттықтырушылар құрамымен кездесті. Мәжілісмендер қазақстандық футболды дамытуға қатысты өздерінің депутаттық сауалы туралы айтып берді, сонымен қатар, Футбол федерациясымен бірлесіп алқалы жиын өткізді.