Тарихи жәдігерлер қорғалуы керек

dep.jpg Еліміздің тарихи-мәдени мұрасын қалай сақтауға болады? Археологиялық жәдігерлерді вандалдар мен қарақшылардан қалай қорғауға болады? Осы сұрақтарға жауап беру үшін Қазақстан Халық партиясы «Тарихи ескерткіштерді сақтау» тақырыбында онлайн дөңгелек үстел өткізді. Іс-шараға партия атынан сайланған Мәжіліс депутаттары, мәдениет және ақпарат министрлігінің өкілдері, сарапшылар мен азаматтық белсенділер қатысты.

Мәдениет комитетінің төрағасы Күміс Сейітова елімізде тарихи-мәдени мұралардың 25 мыңға жуық нысаны барын айтты. Сондықтан, таррихи жәдігерлер мен ескерткіштерді қорғау бойынша заңнамалық нормаларды жетілдіру керек. Ғылыми-қалпына келтіру және археологиялық жұмыстарды жүргізуге лицензия беру шарттары күшейтілді. Заңда Мәдениет және ақпарат министрлігі бекіткен жоспарға сәйкес өз қызметін жүргізетін осындай жұмыстарды жоспарлайтын институт енгізілді.

Яғни, жоспардан тыс жұмыс жүргізу заңсыз болып саналады.

  • Қоғам ескерткіштеріміздің қирап жатқанын айтып, дабыл қағып жүр, бұл дұрыс. дегенімен арнайы заң бар, соның шеңберінде барлығы қаралған, - деп атап өтті Сейітова. - Заңсыз жүріп жатқан археологиялық қазба жұмыстары да бар. Бірақ бұл заңның жиі бұзылуында, оның жетілмегендігінен емес.

ҚР Қылмыстық кодексінде заңсыз археологиялық қазба жұмысын жүргізгендерге 7 жылға дейін белгілі бір жаза қарастырылған. Ол әкімшілік кодексте айыппұлдар мен басқа да санкциялар көзделген, алайда «Қара археологтардың» әрекетіне бұл тосқауыл бола алмайды.

Тағы бір проблема, тарихи ескерткіштердің бір бөлігі республикалық бюджеттің балансында болса, ал бір бөлігі жергілікті атқарушы органдардың қамқорлығында. Мәдениет және ақпарат министрлігі оларды қорғау жөніндегі міндетін дұрыс орындай бермейді. Бұл жағдай қиындатып отыр, қазір тарихи дүниелерді жаңғырту мен жалпы археология, шын мәнінде, ғылымнан бизнеске айналды. Сондықтан бұл жұмыс көп жағдайда осы салада жұмыс істейтін ұйымдардың жеке жауапкершілігіне байланысты.

  • Дәл қазіргі сәтте біз өзара пікір алмасып отырғанда, тағы бір ескерткіш қирап жатуы ықтимал, - деді Мәжіліс депутаты Ирина Смирнова. – Бізге қоғамымызға пайда әкелетін және тарихи-мәдени мұрамызды сақтауға мүмкіндік беретін заңдар қажет! Мұның бәрі өз қолымызда! Онлайн басқосу қорытындысы бойынша қатысушылар тарапынан құзырлы мемлекеттік органдарға жолданатын ұсыныстар айтылды.

Біздің ресми аккаунтымызға жазылыңыз:
@halyk_partiyasy