Қазақстан Халық партиясы парламенттік фракциясының өкілдері Солтүстік Қазақстан облысы, Есіл ауданының полиция бөлімі, ТЖ ұйымдары және прокуратура қызметкерлерімен кездесу өткізді. Іс-шара Мәжіліс депутаттарының сайлаушылармен кездесуі үшін өңірлерге жасаған сапары аясында өтті.
ҚХП фракциясының жетекшісі, Мәжілістің Заңнама және сот-құқықтық реформа комитетінің хатшысы, мәжілісмен Магеррам Магеррамов атап өткендей, диалог мазмұнды әрі жемісті болды.
– Біз құқық қорғау органдары мен ТЖ қызметкерлерін Парламент Мәжілісінде қаралып жатқан Заң жобалары туралы хабардар еттік, - деді ол. - Полиция және ТЖ қызметкерлерінің кездесу барысында енгізген ұсыныстарын біз алдағы уақытта жұмыс топтарына жеткізуді жоспарлап отырмыз.
Атап айтқанда, ҚХП фракциясы бірнеше жылдан бері ТЖМ құрылымдарын барлық қажетті жабдықтармен және техникамен тиісті дәрежеде қамтамасыз ету, бөлімшелердің штат санын ұлғайту және өрт сөндірушілер мен құтқарушылар үшін нақты әлеуметтік пакетті қамтамасыз ету, сондай-ақ олар үшін зейнеткерлік жасын төмендету мәселелерін көтеріп келеді.