Өңірлерге жұмыс сапары аясында Қазақстан Халық партиясы парламенттік фракциясының депутаттары Солтүстік Қазақстан облысы, Қызылжар ауданы, Бескөл ауылдық округінің өртке қарсы қызметіне барды.
Мәжілісмендер депоның жұмысымен танысып, талапқа сай жағдайға куә болды. Қызмет жаңа көлікпен жабдықталған, төтенше жағдайлармен күресу үшін барлық жағдай жасалған, бірақ жалпы бұл аз. ҚХП депутаттары бірнеше жылдан бері ТЖМ мен қазақстандық өртке қарсы бөлімдерді, әсіресе ауылдық жерлерде жабдықтау проблемаларын шешуді талап етіп келеді. Алайда Үкімет бұл туралы кезекті ТЖ-дан кейін ғана еске алады.
– Біз мемлекеттік өртке қарсы құрылымдардың штаттық санын ұлғайтуды талап етеміз, - деп атап өтті ҚХП парламенттік фракциясының жетекшісі Магеррам Магеррамов. - Қызметкерлердің жалақысын арттырып, оларды тиісті әлеуметтік пакетпен қамтамасыз ету қажет.
Сонымен қатар, депутаттар, әсіресе, көпшілік қатысатын ғимараттардың құрылысына қатысты өртке қарсы бақылауды күшейтуді ұсынып отыр. Мұндай бақылау жобалау-сметалық құжаттама дайындалған сәттен басталып, құрылысты пайдалануға беруді аяқтауы тиіс.
– Біз бұл мәселеге қайтадан оралатын боламыз, - деп атап өтті депутаттар, - жалпы Үкіметтен ТЖМ мен өртке қарсы қызметтердің проблемаларын түбегейлі шешу мәселесін талап ететін боламыз.