Тасқынға қарсы күрес жалғасуда

dep.jpg

Қазақстан Халық партиясының Батыс Қазақстан облысы, Бөрлі ауданындағы өкілдері су басқан аумақтан 60-қа жуық адамды эвакуациялады. Партияның су тасқынына қарсы күреске қатысуы туралы «24 KZ» арнасының журналистеріне ҚХП Батыс Қазақстан облыстық филиалының басшысы Борис Лаврентьев әңгімелеп берді.

Қазір Қазақстан Халық партиясының мыңнан астам мүшесі төтенше жаңдай жарияланған аймақтарда еңбек етуде. Партиялық еріктілер гуманитарлық көмекті жинап, таратуда, құтқарушылар үшін ыстық тамақ ұйымдастырып, бөгеттер салып жатыр. Су бұру арналарын қазуға қатысып, тұрғындарды эвакуациялауға көмектесуде. Батыс Қазақстан облысы Бөрлі ауданында партияның қатысуымен 60 адам эвакуацияланды.

Борис Лаврентьев атап өткендей, жұмыстарға тек жергілікті ғана емес, сонымен қатар ҚХП барлық дерлік республикалық филиалдарының өкілдері де қатысуда. Негізгі күштер Батыс Қазақстан облысына бағытталды.

– Өңірлерде гуманитарлық көмек жинау жүргізілуде, - деді партия филиалының басшысы. – Біздің филиалдар жіберген көмекті осы жерде қабылдап, қажет аудандарға жеткіземіз.

Еріктілер азық-түлік, ең қажетті тауарлар, гигиеналық керек-жарақтар және т.б. жинайды және сұрыптайды. Гуманитарлық көмекті бөлу жөніндегі комиссия құрылды, оның құрамына түрлі саяси партиялар мен қоғамдық бірлестіктердің өкілдері, сондай-ақ азаматтық белсенділер кіреді.


Біздің ресми аккаунтымызға жазылыңыз:
@halyk_partiyasy