Қант диабетімен ауыратын науқастарды дәрі-дәрмекпен қамтамасыз ету шығындарын қысқартуға болмайды, деп есептейді Қазақстан Халық партиясының парламенттік фракциясының өкілдері. Олар ауруларға бағытталған қаржыны үнемдеудің орнына, құрамында қанты көп сусындарға салық енгізуді ұсынады.
ҚХП депутаты Ирина Смирнованың айтуынша, республикада осы аурумен ауыратындар саны жыл сайын артып келеді. 2024 жылы пациенттер саны 500 мыңға жуықтады.
– Мұндай көрсеткіштер ұлттық деңгейде ҚД(СД)-мен күрестің стратегиясы мүлдем жоқ «үшінші әлем» деп аталатын елдерге тән, - деді Мәжіліс депутаты.
Аурудың өсуінің басты себептерінің бірі халықтың рационында құрамында қанты көп тағам өнімдері мен сусындарды тұтынудың артуы болып табылады. Балалар мен жасөспірімдер арасындағы «қант тәуелділігі» диабеттік статистикамен қатар өсуде. Ересек халықтың 6% -ға жуығы 2 типті қант диабетінен (СД2) зардап шегеді. Бүгінде күніне 100-ден астам жаңа науқас тіркеледі, бұл жағдай мемлекет үшін орасан зор қаржы ауыртпалығын да тудырады.
– Қазақстанда қант диабетіне шалдығудың бюджетке түсетін жалпы ауыртпалығы, соның ішінде тікелей медициналық және жанама шығындар (еңбекке жарамсыздық, жәрдемақы және т.б.) жыл сайын кемінде 436,4 миллиард теңге болып отыр, - деп атап өтті Ирина Смирнова. - Жыл сайын бұл көрсеткіш артып келеді.
Қазақстанда қазiргi заманғы қантты азайтатын препараттардың барлық түрлерi iс жүзiнде пайдаланылады, бұл, сөзсiз, жетiстiк болып табылады. Екінші жағынан, ҚД(СД) бойынша дәрі-дәрмекпен қамтамасыз ету ҚР-дағы ең жан-жақты, ең қолжетімді, қазіргі заманға сай және экономикалық шығыны да ең көп (2023 жылы 33 млрд теңге) болып танылды.
– Көктемгі экологиялық апаттың нәтижесінде ҚР ДСМ диабетті дәрі-дәрмекпен қамтамасыз ету шығындарын қысқартуға шақырады,- деді ҚХП-дан сайланған Мәжіліс депутаты. - Мұндай iс-әрекеттер, әсiресе диабетпен күрестiң Ұлттық бағдарламасының жоқтығын ескеретін болсақ, сыбайлас жемқорлықтың өршіп, әлеуметтiк және имидждiк деңгейдің төмендеп кету қаупін тудырады.
Аурудың өсуімен күрестің басқа әдістері, мысалы, көптеген еуропалық мемлекеттердегідей, құрамында қант бар алкогольсіз сусындарға салық енгізу тәсілдері, неге екені белгісіз, Денсаулық сақтау министрлігін қызықтармай отыр.
– Қазақстанда бұл тақырыпты талқылаудың қиындығы шынайы ақпараттың аздығы мен түрлі алып-қашпа әңгімелердің кең таралуынан болып отыр,- деп нақтылады Мәжіліс депутаты. - Қарапайым есептеулер көрсеткендей, жылына өндірілетін өнім көлемімен өлшегенде, тәтті сусындардың әр литріне 20 теңге салық салынатын болса, бұл қаржы қант диабеті бойынша амбулаториялық дәрі-дәрмекпен қамтамасыз ету бюджетін 1,45 есе жабуға мүмкіндік береді.
ҚХП депутаттарының пікірінше, құрамында қанты бар сусындарға «тәтті салық» салынатын болса, бұл қаржы қазіргі уақытта пайдаланылатын дәрі-дәрмектер тізімін қысқартып қана қоймай, кеңейтуге, жаңа технологияларды енгізуге, тіпті ғылыми зерттеулер жүргізуге мүмкіндік береді.