Тәуекелі көп декларациялау

dep.jpg

Киберқылмыспен күрес орталығының басшылығы дербес деректердің нашар қорғалуынан, жалпыға бірдей декларациялау интернет-алаяқтық фактілері санының өсуіне алып келуі мүмкін екенін растады. Бұған дейін бұл туралы Қазақстан Халық партиясы парламенттік фракциясының басшысы, депутат Магеррам Магеррамов ескерткен болатын.

Брифингте Киберқылмыспен күрес орталығының бастығы Жандос Сүйінбай хабарлағандай, интернет-технологиялардың дамуына байланысты мұндай қылмыстардың саны өсуде. Декларациялар онлайн беріледі, сондықтан, ақпараттың таралып кету қаупі жоғары.

– Декларациялау ғаламтор арқылы жүргізілетін болғандықтан, - деп атап өтті Сүйінбай. - Әрбiр орган белгiленген тәртiппен дербес деректердi қорғауды қамтамасыз етуге тиiс. Әрине, тәуекелдер бар.

Бұған дейін Магеррам Магеррамов бұл мәселені Мәжілістің жалпы отырысында көтерген болатын. Қазақстандықтардың жеке ақпараты жария болып, «өзге жаққа» таралып кеткен жағдайлар бізде жетерлік.

– Интернет-алаяқтықтың кең таралып, зардап шеккендер санының артуының да негізгі себебі - дербес деректердің таралып кетуі, - деп атап өтті ҚХП атынан сайланған депутат. - Интернет-алаяқтық санатындағы қылмыстардың ашылуы 50% -дан кем, бұл жағдай осы қылмыстан зардап шеккен азаматтарды қорғауға қандай да бір кепілдіктің жоқтығын білдіреді.

Мұндай жағдайда барлық ересек азаматтардың мүлкі, ақшасы мен асыл заттары көрініс табатын жалпыға бірдей декларациялау қылмыстық ұйымдар үшін «түбі алтын қапқа» айналады, ал бұл жағдайда ақпаратты беру, сату немесе жария ету қорқытып алушылық, ұрлық және алаяқтық санының артуына әкеледі.

– Біз азаматтардың жалпыға ортақ декларациясын енгізуде асығыстық жасап отырған жоқпыз ба? - деп түйіндеді мәжілісмен. - Азаматтардың декларацияланған деректері қылмыстық саудаласудың нысанына айналмайтынына және қылмыскерлердің қолына түспейтініне кім кепілдік бере алады?


Біздің ресми аккаунтымызға жазылыңыз:
@halyk_partiyasy