Ветеринария саласына қолдау қажет

dep.jpg

Үкіметте Премьер-министрдің орынбасары Серік Жұманғариннің төрағалығымен өткен отырыста министрлер отандық ветеринария жүйесін реформалау бойынша ұсыныстарды талқылады. Бұған дейін Қазақстан Халық партиясының депутаттары саланы жаңарту қажет екенін бірнеше рет айтқан болатын.

Ауыл шаруашылығы министрлігі ұсынған бастамалар негізінен ауыл шаруашылығы жануарларын БАБЖ және АШЖБ цифрлық жүйелері арқылы толық бірдейлендіруді енгізуге және жергілікті жердегі эпизоотиялық жағдайды тұрақты бақылауға бағытталған. Сондай-ақ, импорттық-экспорттық операцияларды кейіннен республика бойынша бақылаумен цифрландыру, «өндіруші – қайта өңдеу-нарық-тұтынушы» қағидаты бойынша қадағалауды ұйымдастыру жоспарлануда.

Алайда, мұның бәрі инновацияларды жүзеге асыруға кедергі келтіретін саланың материалдық-техникалық проблемаларын жоққа шығармайды. Оның ішінде, ең алдымен, ветеринар дәрігерлердің жалақысы мен біліктілігінің төмендігі, сондай-ақ ветеринарлық нысандардың интернетпен нашар қамтылуы мәселелері өзекті.

«Ветеринарлардың жұмысының көлемі өте ауқымды: фермаларды және үй-үйді аралап тексеру, жануарларды тексеру, АШЖБ мәліметтер базасын жүргізу, мемлекеттік қызметтерді көрсету, ветеринариялық профилактикалық және диагностикалық зерттеулер және т.б. Соған қарамастан жоғары білімді ветеринардың жалақсы небәрі 175 мың теңге. Қаржы тапшылығына байланысты ветеринарлардың біліктілігін арттыруға мүмкіндігі жоқ. Ал бұл сөзсіз диагнозды анықтауда, эпизоотиялық талдау жүргізуде және өңірдегі эпидемиологиялық жағдайды болжауда қателіктерге әкеледі», - деп атап өтті Ауыл шаруашылығы вице-министрі Аманғали Бердалин.

Бұған дейін ҚХП парламенттік фракциясының жетекшісі, Мәжіліс депутаты Магеррам Магеррамов депутаттық сауалында республикадағы ветеринария саласының халі мүшкіл екенін айтқан болатын. Жалақының аздығы мен ауыр жұмыс мамандықтың беделін түсіреді. Отандық ветеринарлар таза ынтамен жұмыс істейді. Алайда мұндай мамандар азайып келеді. Салаға кадр тапшылығы және логистика мәселелері зиянын тигізуде.

«Ауылды жерлерде интернет сапасы мен жылдамдығына қатысты шағым көп. Бұл компьютерге деректерді жазуды қиындатады: қан анализінің нәтижелері, малдың профилактикалық емі, аллергия және басқа зерттеулер. Көбінесе сол себепті тұрғындарға ветеринарлық анықтамаларды беру кешіктіріледі», - деді Магеррамов.


Біздің ресми аккаунтымызға жазылыңыз:
@halyk_partiyasy