Интернет саласы қосымша реттеуді қажет етеді. Тиісті заңға ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев қол қойды. Құжат жақын арада күшіне енеді. Сонымен онлайн платформалар мен онлайн жарнама қалай реттеледі?
Құжаттың бірлескен авторларының бірі, «Қазақстан Халық партиясы» парламенттік фракциясының басшысы, Заңнама және сот-құқықтық реформа комитетінің хатшысы, депутат Магеррам Магеррамовтың айтуынша, заң онлайн-платформалар мен блогерлер үшін құқықтар мен міндеттерді белгілейді. Тиісті өзгерістер ілеспе заңнамалық актілерге де енгізілді.
– Біздің фракция ұсынған түзетулер ҚР Қылмыстық кодексіне және әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодекске енгізілді, – деп атап өтті М. Магеррамов.
Енді «Онлайн платформаның пайдаланушысы» және «Блогер» сияқты ұғымдар заңды түрде келісіледі.
Қолданыстағы қылмыстық жауапкершілікпен қатар желіде жалған ақпарат таратқаны үшін әкімшілік жауапкершілік пайда болады. Онлайн-алаңдардың интерфейстері мен модерациясына мемлекеттік тілді енгізу жоспарлануда. Бұл әлеуметтік желілердің алгоритмдеріне қазақ тіліндегі мазмұнды модерациялауға мүмкіндік береді.
Онлайн-алаңдардың иелері дұрыс емес ақпаратпен күресте мемлекеттік органдармен ынтымақтасуға міндеттеледі. Заңсыз контент анықталған жағдайда онлайн-платформаның заңды өкіліне оны жою қажеттігі туралы хабарлама жіберіледі. Егер бұл талап орындалмаса, құзыретті органдар онлайн-платформаның қызметін шектейді. Сондай-ақ заңда блогерлерге орналастырған интернет-жарнаманы белгілеу, одан түскен табысқа салық төлеу және өз қызметін Кәсіпкерлік кодексіне сәйкес жүргізу талабы қойылады.
– Интернеттегі ақпараттандыру процесінің барлық қатысушыларының есімдерін атайтын уақыт келді. Блогерлердің, онлайн -платформалардың соңында тұрған адамдардың есімдерді жария болуы тиіс, – деп есептейді Қазақстан Халық партиясының өкілдері.