Жаттықтырушылар мемлекеттік сатып алу жүйесіне қарсы

Қазақстан Халық партиясы парламенттік фракциясының депутаттары өңірлерге жұмыс сапарын жалғастыруда. Сайлаушылармен кездесу аясында мәжілісмендер Солтүстік Қазақстан облысына келді.

Парламентарийлер олимпиадалық резервтің балалар мен жасөспірімдер спорт мектебінде, сондай-ақ ерекше қажеттіліктері бар адамдарға арналған «Үміт» спорт клубында болып, жергілікті жаттықтырушылармен әңгімелесіп, олардың ұсыныс-тілектерін тыңдады. Кейіннен бұл ұсыныстар облыстық спорт басқармасына және басқа да құзыретті құрылымдарға жететін болады.

1

– Жалпы, бізбен сұхбаттасқан барлық адам көтерген үлкен проблема мемлекеттік сатып алулармен байланысты, - деп атап өтті кездесу қорытындысы бойынша ІV Пара Азия ойындарының қола жүлдегері, паралимпиада спортшысы, ҚХП депутаты Кенжеғұл Сейтжан.

2

Мемлекеттік сатып алулар саласында әдейі де, әдейі де емес де техникалық қателіктерден бастап, сатып алынатын жабдықтар мен керек-жарақтардың сапасына дейінгі кемшіліктер мен теріс пайдаланулар өте көп.

– Конкурсқа байланысты ең төменгі бағаны ұсынған қатысушы мемлекеттік тапсырыс алады, - деп түсіндірді Сейтжан. - Көптеген жаттықтырушылар мұны дұрыс емес деп есептейді. Мұндай тәсілмен олар мен олардың клубтары спортшыларға қажет нақты заттар мен снарядтарды сатып ала алмайды.

ҚХП депутаттарының Солтүстік Қазақстан облысына жұмыс сапары жалғасуда.


Біздің ресми аккаунтымызға жазылыңыз:
@halyk_partiyasy