Жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшарттар транспарентті болуы керек

Қазақстан Халық партиясы Үкіметті жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшарттардың ашықтығын қамтамасыз етуге шақырды. Қазақстандықтар елдегі пайдалы қазбалар өндірілетін кен орындарын кім, қалай және қандай жағдайда игеретіні туралы ақпарат алуға құқылы.

– Қазақстан азаматтары негізгі бенефициар ретінде бұл шарттардың олардың мүддесіне сай келетінін нақты білуі тиіс, – деп атап өтті өз сөзінде ҚХП депутаты Смайлов. – Үкімет жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшарттардың тарапы ретінде осы құжаттардың шарттары мен ережелерін ашуға тиіс.

Номиналды түрде қазір ҚР Үкіметі ӨСАБ – Өндіруші салалардың ашықтығы бастамасын іске асыруда. Мұндай бастама осы сектордағы ашық басқару мен есеп беруге бағытталған халықаралық стандарт болып табылады. Алайда іс жүзінде бұл қолдан жасалған дүрбелеңге ұқсайды. Қазақстан ӨСАБ-қа 2007 жылы қосылды. Осы стандарттың талаптарына сәйкес Үкімет барлық келісімшарттар мен лицензиялар туралы ақпараттың ашықтығын сақтауы тиіс. Ол 2021 жылдың 1 қаңтарынан бастап рәсімделген құжаттардың мазмұнын ғана ішінара ашады.

– Бұл нонсенс! Сіз жартылай жүкті немесе жартылай мөлдір және жартылай ашық бола алмайсыз, – деді Смайлов. – Үкімет агрегатталған немесе эскиздік деректерді беру арқылы сондай-ақ 2021 жылғы 1 қаңтардан кейін жасалған келісімшарттар бойынша ғана ашықтықтықты көрсетіп отыр деп санаймыз.

Барлығы ең тиімді салалар – мұнай, металл, уран, көмір өндіру және экспорттау бойынша негізгі ірі келісімшарттарға 90 - шы жылдары қол қойылғанын жақсы біледі. Демек ақпаратты тәуелсіздік алған кезден бастап жариялау қажет.

Қазақстан Халық партиясы Үкіметке барлық кезеңдер бойынша жер қойнауын пайдалануға қатысты құжаттардың ашықтығын қамтамасыз етуді ұсынды. Бұл келісімшарт жасасу, лицензия алу, өндіру, өңдеу, тасымалдау және ресурстарды сату. Сондай-ақ алынған кіріс, пайда мен шығыстарды бөлу, салық салу және бюджетке төленетін төлемдер туралы ақпаратты жариялау керек.

Бұл ретте міндетті түрде бағаның барлық нюанстары атап өтілуі тиіс. Шенеуніктер Қазақстан азаматтары үшін экономикалық үлесі мен әсерін бағалай отырып, келісімшарттарға толық аудит жүргізуі, сондай-ақ құжаттардың біздің ұлттық мүддемізге сәйкестігін тексеруі керек.

– Жер қойнауын пайдалану келісімшарттарының екінші тарапы, әсіресе батыс демократиясы елдерінен келген серіктестер демократиялық талаптарды өз елдерінде қалыптасқан тәжірибе ретінде түсіністікпен қабылдайды деп үміттенеміз, – деп нақтылады Смайлов. – Осылайша олар еліміздің одан әрі демократияландыру бағытын қолдайды.


Біздің ресми аккаунтымызға жазылыңыз:
@halyk_partiyasy