Жоғары ұпай жинағанына қарамастан грантқа түсе алмаған түлектердің жайы не болмақ?

dep.jpg

Еліміздің жоғары оқу орындарында білім алуға берілетін мемлекеттік гранттардың бөлінуіне байланысты қоғамда жанжал туындады. Талапкерлер ғылым және жоғары білім министрлігінің ұстанымына наразылығын білдіріп, сотқа шағымдануды жоспарлап отыр.

Бұл наразылық тамыз айының басында басталды. ҰБТ-да жоғары балл жинаса да көптеген үздік талапкер мемлекеттік грантқа қол жеткізе алмалы. Себебі, мемлекеттік білім беру гранттарының 20%-ы су тасқынынан зардап шеккен өңірлердегі мектеп түлектеріне "резервтелген" болып шықты. Нәтижесінде, аталған квотаға ие талапкерлер төмен балл алса да, бюджет есебінен оқуға мүмкіндік алды. Ал олардың дарынды әрі білімді құрдастарына министрлік әкімдіктер мен қайырымдылық қорларынан қолдау іздеуді ұсынды.

"ТЖ квотасы үшін гранттардың жалпы санына қосымша орын қосудың орнына, кейбір талапкерлерге басқалардың есебінен көмектескені белгілі болды", – деп күйінді білдірді талапкер Медина Майсар.

Ол шенеуніктердің осы әрекетінен зардап шеккендермен бірігіп, құқық қорғаушылардың көмегіне жүгініп, Министрлікке қарсы сотқа ұжымдық шағым жазбақ. Құжаттарды дайындау барысында талап қоюдың бастамашылары "квота-ТЖ" бойынша гранттар бөлуді регламенттейтін қандай да бір заңнамалық актілердің толық болмауына тап болды.

Алданған талапкер Қазақстан Халық партиясының Мәжілістегі фракциясына үндеу жолдады. Қазір аталған жайт бойынша депутат Ислам Сұңқар жұмыс істеп жатыр.

– Мемлекет мұны ТЖ-дан зардап шеккен отбасыларға көмектеспек ниетте жасағаны белгілі. Бірақ бұл әрекет жоғары оқу орындарына түсуші өзге талапкерлердің құқығына нұқсан келтірді. Министрлік су басқан өңірлердегі балаларға жалпы конкурс есебінен, яғни басқа талапкерлердің есебінен көмектеспеуі тиіс еді, – деп атап өтті Ислам Сұңқар.

Енді іс тығырыққа тірелді. Адал еңбекпен грантқа түсуге мүмкіндігі болған талапкерлерді мүмкіндігінен айыру дұрыс емес. Квота арқылы оқуға түскен талапкерлерден бөлінген гранттарды кері қайтарып алу да мүмкін емес.

"Бұл мәселенің басқа шешімін табу керек", – дейді Ислам Сұңқар.

Депутаттың пікірінше, өкінішке қарай, сот процесі алданған талапкерлерге өз құқығын қалпына келтіруге көмектесе алмайды. Оқу жылының басталуына өте аз уақыт қалды. Олар өздерінің дұрыстығын дәлелдей алған күннің өзінде биылғы оқу жылында оқи алуы екі талай. Сондай-ақ мәжілісмен "наразы талапкерлерге" тағы бір квота енгізіп, мәселені тағы да жалпы конкурс есебінен шешуі мүмкін деп күдіктенеді. Олар автоматты түрде оқуға түсіп, салдарынан гранттардың жалпы саны қайтадан автоматты түрде азаюы ықтимал. Және мұндай оптимистік сценарий сот мектеп оқушыларының жағына шықан жағдайда ғана жүзеге асуы мүмкін.

– Қалайда мәселенің бір шешімін тауып, грантқа түсе алмай қалғандарға көмектесу керек. Және оны кейінге қалдырмай, дәл қазір жасау қажет, – дейді Ислам Сұңқар.


Біздің ресми аккаунтымызға жазылыңыз:
@halyk_partiyasy