Зиянды өндірістегі қызметкерлер үшін мерзімінен бұрын зейнетке шығу нақтыланды

dep.jpg

Зиянды өндірістерде жұмыс істейтін жұмысшылар өз қалауы бойынша 55 жасында зейнеткерлікке шығуға мүмкіндік алады. Заңнамаға мұндай түзетулерді Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі (ЕХӘҚМ) дайындауда.

ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министрі Ақмади Сарбасовтың айтуынша, зиянды еңбек жағдайында жұмыс істеген азаматтарға арнайы әлеуметтік төлем қарастырылады. Ол жұмыс берушінің есебінен қалыптастырылған міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарынан (бұл жалақының 5% -ы); республикалық бюджеттің арнаулы кәсіптік төлемінен ең төменгі күнкөріс деңгейінің 1,5 мөлшерінде; оның ішінде - қолда бар зейнетақы жинақтарын ескере отырып; өмірді сақтандыру жөніндегі компаниялардың төлемдерінен - 1 КД мөлшерінде; жұмыс берушілердің қаражаты есебінен 1 КД мөлшерінде.

– Арнайы әлеуметтік төлемді енгізу мемлекеттің, жұмыс беруші мен қызметкердің ортақ жауапкершілігін қамтамасыз етеді, сондай-ақ зиянды еңбек жағдайларында жұмыс істейтін адамдардың әлеуметтік қорғалу деңгейін арттыруға мүмкіндік береді, - деп түсіндірді Сарбасов.

Заң жобасын талқылау барысында Қазақстан Халық партиясы фракциясының басшысы, Мәжіліс депутаты Магеррам Магеррамов «Жұмысшының мұндай төлемнен мерзімінен бұрын бас тартуға мүмкіндігі бола ма, жоқ па?» деп нақтылады.

– Бұл жинақтарды жұмыскерлердің өздері қалыптастырып, зейнетақымен қамсыздандыруға бағытталғанын назарға ала отырып, біз, депутаттар, жұмыскердің қалауы бойынша төлемді мерзімінен бұрын алып қою құқығын дербес белгілеуді ұсынамыз, - деп мәлімдеді мәжілісмен. – Әрбір жұмысшы зейнеткерлікке қашан шығатынын, мерзімінен бұрын 55 жаста немесе заңнамада көзделгендей 63 жаста шығатынын өзі анықтайды.

Бұл идеяны вице-министр де қолдады. Сонымен қатар, жұмысшының төлемді алған соң жұмыстан шығуы міндетті емес екенін еске салды. Ол жай ғана еңбек жағдайын зияндылығы төмен жайға ауыстыра алады.

– Біз мұндай мүмкіндікті ұсынуымыз керек, - деп келісті Сарбасов. - Зейнеткерлікке мерзімінен бұрын шығу, жоқ әлде 63 жасында шығу немесе жай ғана жұмысты ауыстыру - жұмысшының таңдауында болу керек.

Қазақстан Халық партиясы бұған дейін де зиянды және денсаулыққа қауіпті жағдайларда еңбек ететіндер үшін мерзімінен бұрын зейнетке шығуды ұсынған болатын.

– Үкімет, шын мәнінде, біз ұсынған мәселені қолдап отыр, - деді Магеррам Магеррамов. - Біздің партия әзірлеген Кәсіподақтар туралы заң жобасында да біз бұл мәселені көтеріп отырмыз. Қазір біздің партия әзірлеген заң жобасы Үкіметтің қорытындысын күтуде. Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің заңнамалық түзетулері жұмыс топтарына талқылауға жіберілді.


Біздің ресми аккаунтымызға жазылыңыз:
@halyk_partiyasy