ҚХП депутаты Арқалықтың тұрғындарымен кездесті

Мәжіліс депутаты, ҚР Президенті жанындағы әлеуметтік осал топтардың құқықтары жөніндегі уәкіл Кенжеғұл Сейітжан Қостанай облысына қарасты Арқалық қаласында сайлаушылармен кездесулерін жалғастыруда. Бұл іс-шаралар халық қалаулысының өңірлерге жұмыс сапары аясында өтуде.

Алдымен депутат «Арқалық арнайы әлеуметтік қызметтер көрсету орталығы» КММ ұжымымен кездесті. Әңгіме барысында мүмкіндігі шектеулі азаматтар үшін қолайлы ортаны қалыптастыру, әлеуметтік қолдау, инклюзивтілік мәселелері сөз болды. Кенжеғұл Сейітжан Қазақстан ратификациялаған Мүгедектердің құқықтары туралы конвенция нормалары, осы санаттағы азаматтардың өмір сүру сапасын арттыру жолындағы шаралар туралы айтып, өз ұсыныстарымен бөлісті және қатысушылардың сұрақтарына жауап берді.

1

5

3

4

6

Кездесу Ы.Алтынсарин атындағы Арқалық педагогикалық университетінде жалғасын тапты. Университет басшылығы оқу орнының басым бағыттары мен жетістіктері туралы баяндап, болашақ жоспарларымен бөлісті. Өз кезегінде депутат жиналғандарға Қазақстан Халық партиясының бағдарламасын таныстырды.

7

8

9

Сондай-ақ, Қостанай облыстық ҚХП филиалының өкілдерімен бірге Кенжеғұл Сейітжан қаланың ірі кәсіпорындарының бірі – «Алюминстрой» ЖШС ұжымымен жүздесті. Мұнда еңбек құқықтары, жұмыс жағдайы, қызметкерлерді әлеуметтік қолдау мен өндіріс саласын дамыту мәселелері талқыланды. Әсіресе, еңбек адамының қоғамдағы орны мен кәсіби мәртебесіне баса назар аударылды. Себебі 2025 жыл – Қазақстанда Жұмысшы мамандықтар жылы болып жарияланған.

11

– Мұндай кездесулер билік өкілдері мен еңбек ұжымдары арасында тікелей байланыс орнатуға мүмкіндік береді. Бұл – өңірлердегі нақты мәселелерді тереңірек түсінуге жол ашады, – деді депутат кездесу соңында.

10

Сапар аясында Кенжеғұл Сейітжан азаматтарды жеке қабылдап, олардың жеке және әлеуметтік маңызы бар мәселелерін жабық форматта тыңдады. Бұл ұсынысты тұрғындардың өздері көтерген.


Біздің ресми аккаунтымызға жазылыңыз:
@halyk_partiyasy