Инновациялар орталығындағы кездесу

Қазақстан Халық партиясы парламенттік фракциясының жетекшісі, Мәжіліс депутаты Магеррам Магеррамов әріптестерімен бірге сайлаушылармен кездесу аясында «Astana Hub» халықаралық IT-стартаптар технопаркіне барды.

Сапар барысында депутаттар технопарктің жұмысымен танысып, IT-саласының өкілдерімен мазмұнды әрі өзекті кездесулер өткізді. Кездесулерде елдегі цифрлық технологияларды дамыту перспективалары талқыланды. Сондай-ақ қонақтарға KAZ ROCKETS, ApartX, Shai сынды жасанды интеллект технологиясын қолданатын бірқатар инновациялық стартаптар таныстырылды.

1

– Стартаптар заманауи шешімдерді шетел нарығына шығара алатындай деңгейде дамып келеді. Бұл – қуантарлық жайт. Жалпы, жасанды интеллект – болашақтың басты бағыттарының бірі деп санаймын, – деді Магеррам Магеррамов.

2

Сонымен қатар депутат цифрлық саланың дамуы мемлекет тарапынан реттеліп отыруы керек екенін атап өтті.

– Жасанды интеллект адамзаттың табиғи мүмкіндіктерін толықтай алмастырып кетпеуі тиіс. Біз технологиямен қатар адами капиталды да дамытуға ден қоюымыз қажет. Әсіресе бұл – ертеңгі экономиканың негізін қалайтын жастарға қатысты, – деді халық қалаулысы.


Біздің ресми аккаунтымызға жазылыңыз:
@halyk_partiyasy