Сізді Қазақстан Халық партиясы атынан туған күніңізбен шын жүректен құттықтаймыз!
Сіз студент кезден бастап партия игілігі үшін белсенді әрі нәтижелі еңбек етіп келесіз. Қоғамдық және саяси саладағы белсенді жұмысыңыз партияның дамуына, беделінің артуына және сайлаушылар сенімінің нығаюына елеулі үлес қосты. Күрделі мәселелердің шешімін таба білу қабілетіңіз бен табандылығыңыз алдағы уақыттарда да биік белестерді бағындыруға сеп болады деп сенеміз.
Сізге зор денсаулық, мол бақыт, сарқылмас күш-жігер, депутаттық қызметіңізге табыс, отбасыңызға бақ-береке тілейміз. Ізгі істеріңіз әрдайым қолдауға ие болып, алға қойған барлық мақсатыңыз жүзеге ассын!
Ізгі тілекпен, Қазақстан Халық партиясы