Аймақтарда идеологиялық жұмыстар белсенді жүргізілуде

Қазақстан Халық партиясы «Партиялық серпін» жобасы аясында өз жұмысын жалғастыруда. Бұл жоба партияның идеологиясы мен саяси бағдарламасын кең аудиторияға таратуға, сайлаушылармен кері байланыс орнатуға және, әсіресе, өңірлердегі электораттың саяси белсенділігін арттыруға бағытталған.

Солтүстік Қазақстан облыстық филиалының белсенділері партия төрағасының орынбасары Болат Қожахметовтің жетекшілігімен, «Болашақ стратегиясы: Ұлттық құрылтайдың басымдықтары мен сын-қатерлері» тақырыбындағы дөңгелек үстелге қатысты. Шараға жергілікті атқарушы органдардың өкілдері, этномәдени бірлестіктер, қоғамдық ұйымдар мен жастар қауымдастығы қатысып, Ұлттық құрылтай жұмысының негізгі бағыттары мен қоғам дамуының басымдықтары талқыланды.

13

1

2

Қазақстан Республикасы Президенті жанындағы Ұлттық құрылтайдың мүшесі Сергей Худяков құрылтай бастамаларына талдау жасап, бірлестік жұмысы туралы ой бөлісті. Жанат Мұхамеджанов өз сөзінде жас ұрпақты тәрбиелеуде ата-аналардың рөлін тілге тиек етті. Руслан Асаубаев мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс тетіктерін жетілдіру бойынша ұсыныстарын ортаға салды. Волонтерлік қозғалыс жетекшісі Анастасия Волкова жастардың азаматтық белсенділігінің маңыздылығына тоқталды.

3

Атырау облысында Қазақстан Халық партиясының жергілікті филиалының басшысы Балжан Досмұхамбетованың бастамасымен партия мүшелері «QazaqGazAimaq» кәсіпорны ұжымымен кездесті. Кездесу барысында қызметкерлерге партия бағдарламасы таныстырылып, партияға жаңадан қабылданған мүшелерге билет табысталды.

4

5

Ұлытау облысында партия қатарына еңбек ардагерлері қосылды.

7

8

– Біздің партиямыздың қатары күн сайын жаңа пікірлестермен толығып келеді. Бізге тек жастар ғана емес, ел тағдырына бейжай қарамайтын, өмірлік тәжірибесі мол аға буын өкілдері де белсенді түрде қосылуда, – деді партиялықтар.

Сондай-ақ салтанатты түрде партия билеттерін табыстау рәсімі Қызылорда облыстық филиалында да өтті. Шараға партияның Орталық аппараты ұйымдастыру бөлімінің жетекшісі Нұрдәулет Оразханов қатысты.

6

9

10

11

12


Біздің ресми аккаунтымызға жазылыңыз:
@halyk_partiyasy