Қазақстан халық партиясы баршаңызды халқымыздың тарихындағы ең қастерлі, ең маңызды мерекелердің бірі – Ұлы Жеңіс күнімен шын жүректен құттықтайды! Осыдан тура 80 жыл бұрын Ұлы Отан соғысы аяқталып, жеңіс туы желбіреді.
Сол сұрапыл жылдардағы халқымыздың батырлығы мен табандылығы, қайтпас қайсарлығы барша ұрпаққа үлгі. Азаттық пен бейбіт өмір үшін жанын қиған боздақтардың рухына тағзым етеміз. Майдан мен тылда аянбай еңбек еткен ардагерлерге алғысымыз шексіз. Қолына қару алып, ел қорғаған жауынгерлер, күн-түн демей еңбек еткен жұмысшылар – барлығы да Жеңіс таңын жақындатуға орасан зор үлес қосты.
Біз – Жеңіс рухын жүрегінде сақтаған ұрпақпыз. Ұлы Жеңістің тарихи маңызын ұмытпай, оны келер ұрпаққа жеткізу – қасиетті парызымыз. Бүгінгі бейбіт өмір – сол жанқияр ерліктің жемісі.
Баршаңызға зор денсаулық, отбасыларыңызға амандық тілейміз. Егемен еліміз – Тәуелсіз Қазақстан елімізге гүлдене берсін! Мереке құтты болсын!
Қазақстан Халық партиясы