Қазақстан Халық партиясы сіздерді Отан қорғаушылар күнімен шын жүректен құттықтайды!
Бұл күн – елдің тыныштығы мен тәуелсіздігі үшін аянбай еңбек етіп жүрген азаматтарға деген ризашылық пен құрметтің белгісі. Бұл – ерлік пен рухтың, абырой мен ар-намыстың, елге деген шынайы сүйіспеншіліктің мерекесі. Шекараны қорып, ел тыныштығын күзетіп жүрген барша азаматқа алғыс айтамыз!
Сіздерге зор денсаулық, отбасы амандығы мен толағай табыс тілейміз! Елімізде әрқашан тұрақтылық пен тыныштық орнап, аспанымыз ашық болсын!
Ізгі тілекпен, Қазақстан Халық партиясы