Қалдықтарды қалай кіріске айналдыруға болады?

dep.jpg

Премьер-Министр Олжас Бектенов Үкіметке қатты-тұрмыстық қалдықтарды (ҚТҚ) қайта өңдеу мәселесін түбегейлі шешу және жеке инвестицияларды тарту бойынша нақты ұсыныстар әзірлеу үшін бір ай уақыт берді.

Ұсыныстар дегеніміз- деп түсіндірді Премьер ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмаларын іске асыру мәселелері жөніндегі кеңес барысында. - Жай ғана жалпы пайымдау емес, әлеуетті инвесторлармен келісілген және іске асыру мерзімдері көрсетілген нақты жобаларды білдіреді.

Қатты-тұрмыстық қалдықтарды (ҚТҚ) өңдеумен байланысты проблемаларды біздің еліміз 10 жылдан астам уақыт бойы шеше алмай келеді. Бұған дейін «қоқыс» тақырыбын ҚХП депутаты Кенжеғұл Сейтжан көтерген болатын. Мәжілісмен 2013 жылы Қазақстанда қайта өңделген шикізат айналымына экономикалық қызығушылық пайда болғанын атап өтті. «2014-2050 жылдарға арналған қатты тұрмыстық қалдықтарды басқару жүйесін жаңғырту» Бағдарламасы қабылданды, оған сәйкес әрбір өңірде қоқыс өңдеу зауыттарын салу жоспарланған болатын.

Бар-жоғы 2-еуі салынды, олардың өзі көп ұзамай мемлекеттің қолдауы болмаған соң, тиімсіздіктен шығынға ұшырап, жабылып қалды, - деп нақтылады Сейтжан. - Қоқыс шығару тарифтері зауыттардың сұрыптау және қайта өңдеу желілерінің барлық шығындарын жаба алмады.

Мәселені жеке бизнес қолға алды. Осылайша Теміртау, Қарағанды, Қостанай қалаларында қалдықтарды бөлек жинайтын, ал кейіннен шиналарды, пластикті, картонды, шыны бұйымдарын қайта өңдейтін кәсіпорындар пайда болды. Бірақ бұл жеткіліксіз болды. 2018 жылға қарай «ӨКМ Операторы» ЖШС қоқыс өртейтін зауыттардың (ҚӨЗ) құрылысы бойынша бағдарламаға бастамашы болды. Экологтар мен экономистердің «мұндай шешімнің шығыны көп»деген наразылықтарына қарамастан, бағдарламаны мемлекет қолдады. Алайда шағын қалаларда, оның үстіне ауылдарда қайта өңдеу шикізатын жинау пайдасыз болып шықты, және мұндай зауыттардың шығарған күл-қоқысын тағы да қауіпті қалдықтарға арналған полигондарда көмуге тура келді.

ҚХП депутаттары ірі қалалардың маңында заңсыз қоқыс тастайтын жерлердің, сондай-ақ полигондардың пайда болу проблемасын шешу үшін арнайы заңнамалық база әзірлеп, қалдықтарды жинау жүйесін жетілдіруді ұсынған болатын. Сондай-ақ - қалдықтарды бөлу үшін саралауды қоса алғанда, ҚТҚ шығаруға тарифтеуді қайта қарау, қалаларда бизнес пен халықты қоқысты бөлек жинауға ынталандыру жөніндегі бағдарламаларды іске асыру, және ең бастысы, тұтынуға деген ұқыптылықпен қараудың жаңа мәдениетін енгізумен айналысу мәселелерін де көтерген еді.

Сол кезде Үкімет депутаттық сауалға шығарып салма жауап берген болатын. Енді «Премьер-Министр өзгерген тұста Үкіметтегі шенеуніктердің бұрынғы пікірі өзгере ме, жоқ па?» деген мәселе қызық болып тұр...


Біздің ресми аккаунтымызға жазылыңыз:
@halyk_partiyasy