Мал қорымымен қалай күресеміз

dep.jpg Қазақстанда рұқсат етілмеген мал қорымдарының мәселесі 90 - шы жылдардан бастап шешілмей келеді. Аумақты тазартудың орнына мемлекет cырғытпа жауап берумен айналысып жүр.

Ветеринарлық қызмет үнемі үй жануарларында қауіпті аурудың белгісін анықтайды. Қазақстан Халық партиясы депутаттарының айтуынша, шенеуніктерде құлшыныс болса, мәселені шешуге болады.

Ауыл шаруашылығы министрлігінің мәліметінше, 2022 жылғы 1 қаңтардағы дерек бойынша республикада 2 398 мал қорымы бар, оның 783-і – үлгілік, 1615-і – қарабайыр (ветеринариялық - санитариялық талапқа сай емес). Қолданыстағы мал қорымдарының жалпы санының тек 783-і ғана ветеринариялық-санитариялық талапқа сай.

– Үлгілік мал қорымдарында тиісті бақылау жүргізілмеуінің және заң бұзушылық фактілерінің болуының салдарынан мал қорымдарына жақын орналасқан елдімекендерде адам өміріне қауіпті бірқатар аурулардың (аусыл, сібір жарасы, құтыру) таралуына байланысты төтенше жағдай режимі жарияланады, – деді депутат, Аграрлық мәселелер комитетінің мүшесі Ислам Сұңқар.

Ауыл шаруашылығы жануарларының сібір жарасын жұқтыруына олардың вакцинациямен тиісінше қамтылмауы, сібір жарасы ошағы аумағында мал жаю және дәл осы жерден жануарларға азық дайындау себеп болып отыр.

– Жүргізілген талдау барысында Қазақстанда сібір жарасын жерлеудің нақты картасы жоқ екені анықталды. Белгілі болғандай, бізде сібір жарасының ошағы көп, – деп нақтылады мәжілісмен.

Қазақстан Халық партиясына өңірлерден рұқсат етілмеген мал қорымдарына қатысты шағым түсіп жатыр. Осындай полигондардың бірі Астанадан 30 шақырым жердегі Тайтөбе ауылының маңында орналасқан.

Қазақстан Халық партиясының депутаттарының сөзінше, мәселенің шешімі бар. Бұл үшін өлген малды жою, ауыл шаруашылығы және үй жануарлары инфекцияларының таралуын болғызбау үшін Қазақстан Республикасының 15 өңірінің аумағында жылжымалы инсинератор пеш қолданып, кәсіпорын құру қажет. Ауыл шаруашылығы министрлігі еліміздің барлық өңірлерінде қарабайыр мал қорымдарын анықтау үшін картаға ақпарат енгізіп, оны үлгілік топтарға ауыстырып, ұтқыр топ ұйымдастыруы тиіс. Ал қызметіне ауыл шаруашылығы жануарларын өсіру кіретін шаруа қожалығының иелігінде мал қорымы немесе инсинератор пеші болуы керек.


Біздің ресми аккаунтымызға жазылыңыз:
@halyk_partiyasy