Тілсіз жаумен күресуге дайынбыз ба?

dep.jpg

Халқымыз жан-жағына жалын шашқан тілсіз жау - отпен күресуге қаншалықты дайын? Төтенше жағдайлар министрлігі өртке қарсы ерікті жасақтарды ұйымдастыру үшін не істеуде? Мұндай мәселені ведомство өкілдері мен облыстық ТЖД алдына Қазақстан Халық партиясы парламенттік фракциясының басшысы, Мәжіліс депутаты Магеррам Магеррамов қойды.

Үкімет сағатында сөз сөйлеген мәжілісмен өткен жылы елімізде ең көп орман өрті Павлодар (209 оқиға), Абай (291 оқиға) және Ақмола облыстарында (104 оқиға) болғанын еске салды.

Депутат М.Магеррамов жергілікті ТЖД өкілдерінен:

«Орман алқаптары мен далалық белдеулерге қанша ауыл мен қала іргелес орналасқан?» - деп сұрады. – «Орман өрттері туындаған кезде халықты қауіпсіз жерге шығуға үйрету әдістері әзірленді ме? Егер әзірленген болса, онда осы бағытта нақты қандай жұмыс жүргізілуде?»

Депутат кәсіпорындарда ғана емес, елді мекендерде құрылған мемлекеттік емес өртке қарсы құрылымдарға ерекше назар аударды. «Онда мамандарды кім дайындайды және олардың іс-қимылын кім үйлестіреді?» деген көкейдегі сұрағын да қойды.

Павлодар облысында 30-дан астам елді мекен орманмен шектеседі. Қалған сұрақтарға әкімдік өкілі жауап бере алмады. Абай облысында жағдай біршама жақсырақ, 22 елді мекенде 68 ерікті құрылым бар.

Бұл жерде мынаны атап өту қажет, - деп нақтылады Абай облысының өкілі - бұл ерікті құрылымдар тек дала өрттерін сөндіру үшін ғана тартылады. Орман алқабындағы өрт кезінде орманшылар былай тұрсын, ТЖД қызметкерлерінің өзі де бағдар жасай алмай қалады. Сондықтан мұндай өрттерді сөндіруге халықты тарту дұрыс емес деп есептейміз.

Көтерілген мәселеге байланысты Ақмола облысы ғана нақты баяндады. Өңірде орман алқабымен шектесетін 139 елді мекен бар, олардың айналасында мысалы, жырту және оқшаулайтын минералдандырылған жолақтар жасау сияқты өртке қарсы профилактикалық іс-шаралар өткізіледі. Облыста 210 ерікті құрылым өртке қарсы күзетте тұр. Олардың күшімен өткен жылдың өзінде 70 орман өрті мен 123 құрғақ ағаш тұтануы сөндірілді.

ТЖМ өкілі өз сөзінің соңында, өртке қауіпті кезең алдында ведомство үнемі мұндай жасақтарды оқытып, жаттықтырып отыратынына депутатты сендірді.


Біздің ресми аккаунтымызға жазылыңыз:
@halyk_partiyasy