Қазақстан Халық партиясы Сізді туған күніңізбен шын жүректен құттықтайды!
Сіз – көреген саясаткер, білікті басшы, сондай-ақ сымбатты да парасатты жан ретінде ел игілігіне сүбелі үлес қосып келе жатқан тұлғалардың бірісіз. Солтүстік Қазақстан облысы Мамлют ауданының әкімі ретінде бірнеше жыл бойы табысты еңбек етіп, партиямыздың халықтың әл-ауқатын арттыруға бағытталған саясатын белсенді түрде жүзеге асырып келесіз.
Азаматтық ұстанымыңыз бен іскерлік қабілетіңіз Сіздің ел игілігі жолындағы еңбегіңіздің айғағы.
Сізге зор денсаулық, отбасыңызға амандық, бақ-береке тілейміз. Қызметіңіз жемісті, әр күніңіз табысқа толы болсын. Еңбек жолында қажыр-қайратыңыз, шығармашылық шабытыңыз сарқылмасын.
Еңбегіңіздің жемісі мол, болашағыңыз жарқын болғай! Ел игілігі жолындағы қызметіңізге сәттілік тілейміз.
Қазақстан Халық партиясы