Жас суретшілер байқауының жеңімпаздары марапатталды

«Донор – бұл ержүрек адам» тақырыбындағы жас суретшілер байқауы өз мәресіне жетті. Бүгін байқау жеңімпаздарын марапаттау рәсімі өтті. Оған партия белсендісі Найля Аппасова қатысты.

Қазақстан Халық партиясының қолдауымен, Денсаулық сақтау министрлігінің Трансплантация және жоғары технологиялық медициналық қызметтерді үйлестіру жөніндегі республикалық орталығының ұйымдастыруымен өткен байқау жас шамасына қарай үш номинациядан тұрды. 3 жастан 5 жасқа, 6 жастан 8 жасқа және 9 жастан 12 жасқа дейінгі балалар арасындағы додаға 20 үміткер қатысқан.

Қатысушылардың жұмыстары аталмыш орталықтың инстаграмм парақшасына жарияланып, көпшілік даусымен жеңімпаздар анықталды.

Нәтижесінде, Кәрімжан Әлихан(3-5 жас), Садвокасов Хасан (6-8 жас), Кәрімжан Айша (9-12 жас) жеңіс тұғырынан көрінді.

Жеңімпаздарға арнайы дипломдар мен сыйлықтар үлестірілді.


Біздің ресми аккаунтымызға жазылыңыз:
@halyk_partiyasy