ҚХП қандастардың мүддесін қорғайды

Қазақстан Халық партиясы YouTube әлеуметтік желісінің тікелей эфирінде «Халық микрофоны» аталатын жаңа айдарды ұсынады. Онда қоғамдағы ең өзекті мәселелер талқыланады.

Бұл жоба халықтың көкейіндегі мәселені дөп басатын және шешілуіне ықпал ететін бірегей болмақ.

«Үгіт-насихат жұмыстары барысында біз 3 мыңнан астам сайлаушылармен кездесуді жоспарлап отырмыз»,- деді Қазақстан Халық партиясының төрағасы Ермұхамет Ертісбаев тікелей эфирде. -Мұнан бөлек біз күн сайын әлеуметтік желілерде тікелей эфирге шығатын боламыз деді партия төрағасы.

Аталған жобаның алғашқы эфирінде этникалық қазақтардың елге оралуы мен қандастар мәселесі талқыланды. Тәуелсіздік жылдарынан бері 1,1 млн. қандас елге келген. Өкінішіке орай, Отан-Ана оларды өгейсітіп, өзекке теуіп келеді. Қандастардың көңілі қапалы. Олар көптеген проблемаларға тап болып жүр. Мемлекет жөнді жеңілдіктер көрсетпейді. Салдарынан құжаттарын рәсімдеу, тұрғын үй, жұмыспен қамтамасыз етілу секілді проблемалар туындауда.

ҚХП қандастардың Отанға оралуын тарихи әділеттілікті қалпына келтіру деп санайды. Олардың эмигранттардан айырмашылығы, біздің қазіргі қоғамға еш қиындықсыз енеді. Өйткені, қандастарымыз көптеген жылдар бойы қазақтың салт-дәстүрін сақтай білген.

Қазақстан Халық партиясы қандастарды қабылдаудың жыл сайынғы квотасын ұлғайтуды қолдайды. Сондай-ақ, олардың дипломдарын нострификациялау мәселесін шешу қажет деп санайды. Партия осы және басқа да бастамаларды қуатты мемлекеттік бағдарламаға айналдыруды көздеп отыр.

«Тек қана Халық партиясы қандастар мәселесін көтереді»,-деді Ермұхамет Ертісбаев. -Сондықтан да қандастар бізді үнемі қолдап келеді, деді төраға.

Эфир соңында спикерлер дәл қазір жаңа, халықтық билік қалыптасып жатқанын еске салып, сайлаушыларды 19 наурызда дұрыс таңдау жасауға шақырды.
https://www.youtube.com/watch?v=zv8YMkJbbq4


Біздің ресми аккаунтымызға жазылыңыз:
@halyk_partiyasy