Сіздерді баршамызға ортақ мереке – Астана күнімен шын жүректен құттықтаймыз!
Өткен жылдар ішінде Астана Тәуелсіздігіміздің ең маңызды нышандарының біріне айналды. 90-жылдардағы күрделі кезеңде бастау алып, шағын өңірлік қаладан заманауи әрі дамыған мегаполиске айналды. Елорданы Ақмола облысына көшіру еліміздегі әрбір азаматтың өміріне өзіндік әсерін тигізді. Шетелден инвестициялар тартылып, сәулет пен инфрақұрылым жаңғырып, халықтың дүниетанымы мен көзқарасы өзгерді.
Бүгінде Астана – еліміздің беделді бренді ретінде мойындалған. ЮНЕСКО шешімімен «Бейбітшілік қаласы» атағына ие болып, ірі қалалар мен астаналар қауымдастығының мүшесі саналады. Елорда бірнеше мәрте шет мемлекеттер басшыларын қабылдап, халықаралық бизнес-форумдар мен саммиттер, әлемдік діндер көшбасшыларының съезі, сондай-ақ ауқымды спорттық жарыстардың басты алаңы болды. Астанаға Рим Папасы Иоанн Павел ІІ мен Папа Франциск арнайы келген. Ал 2017 жылы қалада EXPO халықаралық көрмесі өтті.
Қазақстан халқына амандық, әр отбасына бақ-береке тілейміз! Елімізде тыныштық орнап, аспанымыз ашық болғай.
Астанамыз гүлдене берсін!
Қазақстан Халық партиясы