ҚХП Ақтөбе облыстық филиалының төрағасы, Парламент Мәжілісі депутаттығына кандидат Талғат Төремұратов «Азимут Энерджи Сервисез» АҚ ұжымымен кездесті.
Спикер көпшілікке ҚХП сайлауалды бағдарламасын таныстырды.
– Халық партиясының сайлауалды бағдарламасында әлеуметтік саламен қатар шаруашылық бағытына да басымдық берілген. Біздің партия социал-демократиялық бағыттағы саяси күш ретінде еңбек адамының құқығын қорғайды және ел азаматтарының басым көпшілігінің мүддесін білдіреді! Біз – барлық сала бойынша шетелдік инвесторлармен жасалған келісім-шарттардың қайта қаралуын және ашық рәсімделуін талап етеміз, – деді Т. Төремұратов.
Ол Халық партиясы кәсіподақтар туралы жаңа заң әзірлеп, Халықаралық Еңбек Ұйымының (ХЕҰ) негізгі конвенцияларына қол қоюды қолдайтынына тоқталды. Оның айтуынша, тәуелсіз кәсіподақтар – еңбек қатынасындағы әлеуметтік әділеттіліктің негізі. Барлық заңнамалық актілерге тексеру жүргізіп, оларды қолданыстағы Конституцияға сәйкес келтіру қажет. Қызметкерлердің нақты табысын арттыру мақсатында еңбек заңнамасына өзгеріс енгізу керек. Жалақыны индекстеу нормасын инфляциядан төмен емес, күнтізбелік жылдың қорытындысы бойынша қосу қажет.
Жиын соңында Талғат Төремұратов ұжымды 19 наурызда өтетін сайлауда Халық партиясына дауыс беруге шақырды.