Қазақстан Халық партиясы ел азаматтарын партияның идеологиясы мен саяси бағдарламасымен кеңінен таныстырып, ақпараттық жұмысын жалғастыруда. Соның нәтижесінде партия қатарына қосылуға ниетті жаңа үміткерлердің қатары артып келеді. Әсіресе бұл үдеріс «Партиялық серпін» жобасы аясында белсенді түрде жүргізілуде.
Жуырда Ұлытау облыстық филиалында партия билеттерін табыстау салтанаты өтті. Жиынға қатысушылар Қазақстан Халық партиясының басты мақсаты – қарапайым халықтың мүддесін қорғау екенін атап өтті. Ал партия ұстанатын негізгі қағидалар – теңдік, әділеттілік және әлеуметтік жауапкершілік. Халық партиясы жастардың тың идеяларын, прогрессивті бастамаларын қолдауға және оларды іске асыруға мүдделі.
– Біздің жұмысымыз нақты іспен өлшенеді. Біздің қатарымызға қосылған әрбір азамат – ортақ идеалдарымызға сенетін, жарқын болашақ үшін үлес қосуға дайын жан, – деді партия мүшелері.
Алматы облыстық филиалы да Қарасай ауданы Жамбыл ауылындағы жаңа партия мүшелеріне билет табыстады. Ауыл тұрғындарының қоғамдық-саяси өмірге белсенді араласуға деген ықыласы партияға өңірлік деңгейде сенім артылып отырғанын көрсетеді.
– Біздің ортақ мақсатымыз – әділетті әрі әлеуметтік мемлекет құру, – деді жаңа мүшелер.
Сондай-ақ, партия билеттерін тапсыру рәсімі Қостанай және Батыс Қазақстан облыстық филиалдарында да ұйымдастырылды.
– Біздің қатарымызға ел тағдырына бейжай қарамайтын, саяси санасы жоғары азаматтар қосылып жатыр. Олар – әділетті қоғам қалыптастыру жолындағы сенімді тірегіміз, – деп пікір білдірді қостанайлықтар.
Батыс Қазақстан облысында ерекше белсенділік танытқан «Алтын-Ұя» бастауыш партия ұйымы болды. Бұл ұйым партия бастамаларын жергілікті деңгейде жүзеге асыруда және халықпен байланыс орнатуда маңызды рөл атқарады.