Мәжіліс депутаты өңірдегі өзекті мәселелерді талқылады

Қазақстан Халық партиясының депутаты, ҚР Президенті жанындағы әлеуметтік осал топтар құқығы жөніндегі уәкілі Кенжеғұл Сейтжан Қостанай облысындағы сайлаушылармен кездесуін жалғастырып жатыр. Өңірге жасаған жұмыс сапары аясында халық қалаулысы Амангелді және Жангелдин аудандарына барды.

Амангелді аудандық мәслихаты ғимаратында ҚХП-ның Қостанай облыстық филиалының ұйымдастыруымен жиын өтті. Оған мәслихат депутаттары, қоғамдық кеңес мүшелері мен ауданның белсенді тұрғындары қатысты. Кездесу барысында Кенжеғұл Сейтжан өзінің қызмет бағыттарын таныстырып, қазіргі саяси реформалар мен заңнамаға енгізілген өзгерістер туралы баяндады. Жиын кезінде жергілікті тұрғындарды толғандыратын өзекті мәселелер де көтерілді.

1

– Әлеуметтік салада мүмкіндігі шектеулі азаматтардың құқықтарын қорғау, телефон арқылы жасалатын алаяқтықпен күрес тақырыптары қозғалды. Сонымен қатар өңірлік туризм мен жол бойындағы сервисті дамыту, жолаушылар пойыздарының жылжымалы құрамын жаңарту, сондай-ақ «Арқалық–Алматы» бағытында теміржол қатынасын ашу мәселесі талқыланды, – деді депутат.

3

Сапар барысында депутат А.Иманов атындағы Амангелді мемориалдық музейіне барып, ондағы жұмыс барысымен танысты.

4

6

5

7

Жангелдин ауданында халық қалаулысы аудандық мәслихат өкілдерімен, Ыбырай Алтынсарин атындағы жалпы білім беретін мектептің ұжымымен және Дене шынықтыру және спорт бөлімінің қызметкерлерімен кездесті.

1

2


Біздің ресми аккаунтымызға жазылыңыз:
@halyk_partiyasy