Сайлаушылармен жүздесу

Сегізінші шақырылымдағы Парламенттің үшінші сессиясы аяқталды. Енді Мәжіліс депутаттары аймақтарға барып, тұрғындармен кездесулер өткізуде. Олар жеке кәсіпорындарды, мемлекеттік мекемелерді, қоғамдық бірлестіктер мен үкіметтік емес ұйымдарды аралап, сайлаушылардың мұң-мұқтажын тікелей тыңдауға ден қоюда.

Қазақстан Халық партиясының парламенттегі фракциясының жетекшісі, Мәжіліс депутаты Магеррам Магеррамов алғашқы кездесулерін Астана қаласында өткізді. Ол елордадағы әлеуметтік осал топтарға берілген тұрғын үйлердің жай-күйімен танысты.

1

2

3

– Бұған дейін маған тұрғын үй сапасына, тұру жағдайларына қатысты азаматтардан бірнеше мәрте шағым түскен болатын. Сондықтан жағдайды өз көзіммен көріп, нақты ахуалды бағалау маңызды болды, – деді депутат.

4

Сонымен қатар Магеррамов Астанадағы автобус паркінің жұмысымен танысты. Бұл мекемеде күн сайын 700-ден астам жүргізуші қоғамдық көлікпен жолға шығады. Ал оған дейін олардың денсаулығы тексеріліп, көліктер техникалық байқаудан өтеді. Автопарктің жұмысы қала тұрғындарының, жаяу жүргіншілер мен жолаушылардың қауіпсіздігіне тікелей әсер етеді. Соңғы кездері бұл салада бірқатар мәселелер туындап, ҚХП фракциясы осы жөнінде депутаттық сауал да жолдаған еді.

5

6

7

Кездесу барысында депутат жүргізушілердің еңбек жағдайын өз көзімен көріп, жөндеу базасын аралап шықты, қызметкерлермен ашық пікірлесіп, салалық проблемаларды талқылады.


Біздің ресми аккаунтымызға жазылыңыз:
@halyk_partiyasy