Инклюзия жолындағы ынтымақтастық

«Халық аманаты» жобасы аясында Қазақстан Халық партиясы медициналық ұйымдармен және қоғамдық бірлестіктермен ынтымақтастық туралы меморандумдарға қол қоюды бастады. Осы мақсатта партияның аймақтық филиалдары жанынан арнайы «Халықтық кеңес» құрылады. Жоба балалардың, соның ішінде аутизм спектрі бұзылыстары бар балалардың мүддесін қорғауға бағытталған.

Жамбыл облыстық филиалы бірқатар ҮЕҰ-мен бірден құжаттарға қол қойды. Бұл ұйымдар ерекше қажеттіліктері бар балаларға оңалту көмегін көрсетумен айналысады.

– Меморандумға қол қою – айрықша маңызға ие қадам. Біз тек бірлескен әрекет арқылы ерекше қажеттіліктері бар балалардың өмір сапасын жақсарту бағытында нақты әрі маңызды нәтижелерге қол жеткізе аламыз деп сенеміз, – дейді партия өкілдері.

Павлодарда ҚХП-ның жергілікті филиалы мен дамуында ауытқуы бар балалар мен ересектерге қолдау көрсететін ұйымдар арасында төртжақты меморандумға қол қойылды. Құжатқа қол қою «Халықтық кеңестің» алғашқы отырысы аясында өтті.

3

– Бұл меморандум ерекше қажеттіліктері бар балаларды қолдау жобасын жүзеге асыруда, әсіресе АСБ-ға (аутизм спектрі бұзылыстары) назар аудара отырып, партия мүшелерінің, ҮЕҰ мен ата-аналар бастамасының күшін біріктіреді, – деп нақтылады ҚХП өкілдері.

4

Тараптар оқу жағдайларын, жәрдемақы төлемдерін, инклюзивті ортаны және заңнамалық бастамаларды мониторингтеу жұмыстарына бірлесіп қатысуға келісті. Алдағы уақытта ата-аналармен кездесулер және мемлекеттік органдардың қатысуымен дөңгелек үстел өткізу жоспарланып отыр.

5

8

– Қазақстан Халық партиясының мақсаты – ерекше қажеттіліктері бар адамдардың құқықтары мен мүдделерін қорғау, әрбір адамның өз әлеуетін іске асыра алатын қолжетімді әрі әділетті ортаны қалыптастыру, – деп түйіндеді құжатқа қол қойған тараптар.

Батыс Қазақстан облысында партия мүшелері ерекше балалардың ата-аналары құрған «Бәйтерек» қоғамдық бірлестігінің жергілікті бөлімшесімен ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды. Құжат инклюзивті ортаны дамыту, тәжірибе алмасу, қайырымдылық және ағартушылық жобаларды жүзеге асыру, сондай-ақ қоғамдық маңызы бар бастамаларға қатысуды көздейді.

6

7

– Бұл қадам – әр баланың өзін қоғамның қажет мүшесі ретінде сезінетін, қорғалған және сенімді болашағы үшін жасалған сындарлы диалог пен күш біріктірудің айқын көрінісі, – деді келісімге қатысушылар.


Біздің ресми аккаунтымызға жазылыңыз:
@halyk_partiyasy