Елімізде кезекті парламенттік маусым аяқталды. Депутаттар аймақтарда халықпен кездесулер өткізіп, сайлаушылармен тығыз байланыс орнатуға ден қоюда.
Қазақстан Халық партиясынан Мәжіліс депутаты Ирина Смирнова жұмысын Алматы қалалық филиалының белсенділерімен кездесуден бастады. Жиынға филиал басшылығы, партия белсенділері мен жақтастары қатысты. Ашық диалог форматында өткен кездесуде оңтүстік астананың дамуына қатысты өзекті мәселелер, партияның әлеуметтік-экономикалық бастамалары мен қоғамда қордаланған түйткілдерді шешуге бағытталған ұсыныстар талқыланды. Өз кезегінде депутат Парламенттегі жұмысы туралы айтып, ҚХП фракциясы ұсынған жаңа заң жобалары жайлы ақпарат берді.
Әсіресе, әлеуметтік әділдік, аз қамтылған азаматтарды қолдау және еңбек адамының мүддесін қорғау мәселелері баса айтылды.
– Мұндай кездесулер партияның Орталық аппараты мен өңірлік құрылымдарының байланысын күшейтіп, ел игілігі жолында ортақ шешім іздеуге мүмкіндік береді, – деді депутат Ирина Смирнова.