7 мамыр - Отан қорғаушылар күні

dep.jpg *Құрметті қазақстандықтар!**

Сіздерді 7 мамыр – Отан қорғаушылар күнімен шын жүректен құттықтаймыз!

Тәуелсіздік жылдарында еліміздің қарулы күштері желдің өтінде, жардың шетінде тұрып, мемлекетіміздің тұрақтылығы мен аумағымыздың тұтастығына кепіл болды. Ал мемлекет қазақ елінің айбынын асырып, ордасын орнықтыру міндетін мінсіз атқару үшін қорғаныс қабілетін күшейтіп, әскерилерді қолдауға басымдық берді.

Бейбітшілікке бағытталған салиқалы саясат мемлекеттілігіміздің мызғымастығы мен елдік мүддені нығайтты. Нәтижесінде әскер сапында болу рухы мықты адамдардың мәртебелі әрі жауапты міндетіне айналды. Жас сарбаздар Отан алдындағы борышын өтеуді – абыройлы іс деп білді. Ал әскери киім киген адам жауапкершілігі жоғары, нағыз ұлтжанды азамат саналды.

Қазақстан Республикасының Қарулы Күштері бүгінде әлеуеті мықты армия. Қазір ол жауынгерлік шеберлік пен асқақ рухтың озық үлгісін көрсетіп тұр.

Қарулы Күштер қатарындағы әскери қызметшілердің азаматтық борышына абырой, отбасыларына амандық, дендеріне саулық, бақытты ғұмыр, татулық пен береке тілейміз.

Аспанымыз ашық, іргеміз берік болсын. Тыныштыққа тұтқа болып, бейбітшіліктің бесігін тербете берейік!

Отан қорғаушылар күні құтты болсын!

Қазақстан Халық партиясы


Біздің ресми аккаунтымызға жазылыңыз:
@halyk_partiyasy