Қадірлі отандастар! Ардақты ардагерлер!
Баршаңызды Ұлы Жеңістің 78 жылдығымен шын жүректен құттықтаймыз
Көпке белгілі, жеңіс бізге оңайға түскен жоқ. Келер ұрпақтың бақытты ғұмыры үшін миллиондаған адам майдан алаңында жанын пида етті. Бірқатары ауыр жарақатпен отбасына оралды
Ортақ іске Қазақстанның қосқан үлесі зор. Еліміздің әрбір бесінші тұрғыны майданға аттанды. Соғыс алаңында пайдаланылған әрбір оныншы оқтың тоғызы қазақ қорғасынынан жасалған. Сондықтан батырларымызға мәңгілік тағзым ету, ардагерлерге қамқорлық көрсету, халықтың ынтымағы мен тұтастығын сақтау – біздің қастерлі борышымыз
Қазақстан Халық партиясы адамзат тарихындағы ең сұрапыл соғыста жеңіске жеткен батырларды ерекше құрметтеуді азаматтық парыз деп санайды. Тіпті, тыл еңбеккерлеріне лайым алғыс жаудырып, қолдау көрсету – жас ұрпақтың рухын көтеретін жарқын қадамдар.
Ақиқатқа анық қарасақ, қазір ғаламдық қауіпсіздік қыл үстінде тұр. Айналамызда алауыздық өршіп барады. «Тұрақсыздық белдеуі» көз ілеспес жылдамдықпен жүйткіп келеді. Қазір отандастарымыздың қауіпсіздігі, еліміздегі экономикалық-әлеуметтік ахул ерекше назарға алынды
Отандастарымыз «Әділетті Қазақстандағы» әділетті қоғамда берекелі ғұмыр кешуді қалайды. Сондықтан біздің ұстаным – бейбітшілік пен келісім. Ендеше, барша қазақстандықтарды, соғыс және еңбек ардагерлерін Жеңіс күнімен құттықтаймыз
Әрбіріңізге зор денсаулық, ұзақ ғұмыр, игілік пен бақ-береке тілеймін
Тәуелсіз Қазақстан гүлдене берсін!
Қазақстан Халық партиясы