Біз, Қазақстан Халық партиясы, жүзден астам түрлі этнос өкілдерінің атамекені болған тәуелсіз еліміздің тұрақтылығы мен тұтастығын лайым қолдап келеміз. Себебі, Қазақстан – бірлік пен келісімнің киелі бесігі, тұрақтылықтың құтты шаңырағы. Ал бейбітшілік дейтін қастерлі құндылықты ата-бабаларымыздан мұраға қалған ортақ жеріміз секілді сақтай білуіміз маңызды!
Қазақ «Бірлікті ел бұзылмас» дейді. Осынау мақалдың мәні мен мазмұнын тарих төреші толық таразылап берді.
Сондықтан Халық партиясы Қазақстанның егемендігін, аумақтық тұтастығын бұзуға бағытталған кез келген құйтырқы әрекеттер мен тұспалдарды заңсыз деп біледі. Ал Петропавл тұрғындары тобының жақында сөйлеген сөздері аймақтың бір бөлігін мемлекеттен бөлуге бағытталған Конституцияға қайшы іс. Біз құқық қорғау органдары жоғарыда аталған фактілерді егжей-тегжейлі зерттеп, заңнама шеңберінде тиісті баға беретініне сенімдіміз.
Қазақстан Халық партиясы