АБАЙ БОЛЫҢЫЗ! ФЕЙК!

dep.jpg

Әлеуметтік желіден

Сайлаушылардың назарына! Әлеуметтік желілерде жалған ақпарат таралуда. Қазақстан Халық партиясының төрағасы Ермұхамет Ертісбаевтың «Жаңа Конституция. Қарсымын!» деген жалған жазуы бар портреті жарияланған. ҚХП-ның бұл жалған ақпаратты таратуға ешқандай қатысы жоқ екенін ресми түрде мәлімдейміз.

Аталған сурет Twibbonize шығармашылық платформасы арқылы бөгде тұлғалар тарапынан жасалған. Онда келтірілген мәліметтер шындыққа сәйкес келмейді. Қазақстан Халық партиясы «Әділетті және Прогрессивті Қазақстанның Халықтық Конституциясы үшін!» жалпыұлттық коалициясының құрамына кіреді және жаңа Конституция жобасын қолдау бағытында жүйелі әрі ауқымды жұмыс жүргізіп келеді. Бұл әрекет – ҚХП басшылығының беделін пайдалану арқылы сайлаушылардың пікірін бұрмалауға және дауыс беру үдерісіне теріс ықпал етуге бағытталған алаяқтық қадам.

Қазақстандықтарды, әсіресе дауыс беру кезеңінде, қырағы болуға және арандатушылыққа ермеуге шақырамыз


Біздің ресми аккаунтымызға жазылыңыз:
@halyk_partiyasy