Қазақстан Халық партиясының Маңғыстау облыстық филиалында «Туған жерге оралған жастар қалай қоныстанды?» деген тақырып талқыланып, Отанына оралған қандас жастардың мәселесі күн тәртібіне қойылды.
– Олар үшін жоғары оқу орындарына түсу, жұмысқа орналасу ғана емес, ортаға бейімделу, қоғамға кірігу аса маңызды. Аға ұрпақ туған жерінде жан тыныштығы үшін өмір сүруді қаласа, жастар әлеуметтік мәселелерге ерекше назар аударады. Қазір біздің ел тарихи сәтті бастан кешіріп жатыр. Қандас жастар жаңғыру мен жаңарудың бел ортасында жүр. Оларды қолдау қажет, – деді ҚХП Маңғыстау облыстық филиалының төрағасы Роза Махамбетова.
Кездесуге қатысушылар партия өкілін қолдап, Қазақстанның қоғамдық және саяси өміріне араласуға атсалысатындарын айтты.
ҚХП баспасөз қызметі