Қазақстан Халық партиясының төрағасы Ермұхамет Ертісбаев «Egemen Qazaqstan» газетіне «Жеңістің бастауы – халық» деген тақырыппен мақала жариялады.
ҚХП басшысы әлем тарихында тұңғыш рет барлық пар¬ламенттік партиялар халықтық канди¬дат¬тың бірыңғай коалициясына біріккенін атап өтіп, саяси партиялар, азаматтық қоғамдастық және қарапайым адамдар іс басындағы президент Қасым-Жомарт Тоқаевқа сенім мандатын бергенін тілге тиек етті.
– Қазақстан тұрақты дамуға жеті жыл кепілдік алды. Конституциялық реформа жүзеге асырылды. Жалпыхалықтық референдумда қабылданған жаңа Конституция ауқымды қайта құрулардың берік конституциялық негізін қалады. Суперпрезиденттік басқару формасынан ықпалды Парламенті мен есеп беретін Үкіметі бар президенттік республикаға көшуге кірісті, – деді Е.Ертісбаев.
Партия төрағасының мақаласында биліктің өкілді тармағы күшейтіліп, тежеу мен тепе-теңдік жүйесі нығай¬тылғаны нақтыланды. – Мәжіліс пен облыстық мәслихаттар депутаттарын сайлаудың аралас мажо-ри¬тарлық-пропорционалды моделі, аудан¬дық және қалалық мәслихаттар депутаттарын сайлаудың толық мажоритарлық жүйесі енгізілді, – деді Е.Ертісбаев.
Саясаттанушы Конституциялық сот құрылғанын, Адам құқықтары жөніндегі уәкіл мәртебесі конституциялық деңгейде бекітілгенін және өлім жазасына түбегейлі тыйым салынғанын атап өтті.
– Таяу болашақта Қазақстан түбегейлі өзгереді, нарықтықтан халықтық, әлеуметтік-демократиялық капитализмге көшеді. Мемлекеттік басқару жүйесін реформалау мен экономикалық жүйені қайта құру әлдеқашан басталып кетті, – деді Е.Ертісбаев Мақаланың толық мәтінін сілтеме арқылы оқуға болады:
Мақаланың толық мәтінін мына жерден оқыңыз:
https://egemen.kz/article/330263-zhenhistinh-bastauy-%E2%80%93-khalyq