Әлеуметтік әділеттілік үшін!

Қазақстан Халық партиясының төрағасы Ермұхамет Ертісбаев жұмыс сапарымен Павлодар облысына барды. Онда ҚХП басшысы партияның облыстық филиалының басшысы Илья Мухортовпен бірге жергілікті "Достық үйі" мәдениет орталығында сайлаушылармен кездесу өткізді.

Ермұхамет Ертісбаев сайлаушылар алдында сөйлеген сөзінде Қазақстан Халық партиясының қызметі республиканың барлық азаматының игілігіне бағытталғанын атап өтті.

– Біз еліміздегі барша халқтың мүддесін қорғаймыз. Оның ішінде саясатқа қатысы жоқ немесе біздің идеяларымызға ортақтаспайтын азаматтардың да! Өйткені, бздің саяси платформа әлеуметтік әділеттілік қағидаттарына негізделген және әрбір азаматтың өмір сүру деңгейін арттыруға бағытталған, – деп нақтылады ҚХП басшысы.

2

Одан бөлек сапар аясында ҚХП-ның жаңа мүшелеріне партия билетін тапсыру рәсімі өтті. Ертісбаев пікірлестер қатарын толықтыру – партия жұмысының басты нәтижелерінің бірі және халықтың партияға деген сенімінің белгісі екенін айтты.

– Қатарымызға жаңадан қосылған жолдастарымызға партия билетін тапсырған сайын зор қуанышқа бөленемін. Осындай сәтте біздің қоғамда Еліміздің тағдырына бей-жай қарамайтын, отаншыл азаматтардың қаншалықты көп екені байқалады, – деді Төраға.

Сонымен қатар, Төраға ҚХП-ның саяси платформасын, оның қызметінің бағытын қысқаша баяндап, партияның жетістіктері жөнінде айтып берді.

– Біздің мақсатымыз – әділ қоғам құру. Біз неғұрлым көп болсақ, елде саяси және әлеуметтік-экономикалық реформаларды жүргізуге мүмкіндік те көп болады. Яғни, ормандар тұтастай өртеніп кетпейді, кенттер су астында қалмайдц , ЖЭО апаттары да жиі болмайды. Себебі, біз – өзімізге өзіміз жау емеспіз!, – деді Ермұхамет Ертісбаев.

1

Аталған іс-шара қоғам қайраткерлері мен партия белсенділерінің сөз сөйлеуімен аяқталды.


Біздің ресми аккаунтымызға жазылыңыз:
@halyk_partiyasy