Алматының баққа оранған қала мәртебесін қайтару қажет

10 наурызда Алматыда Парламент Мәжілісі депутаттығына кандидат, Қазақстан Халық партиясының төрағасы Ермұхамет Ертісбаевтың қатысуымен сайлауалды бейбіт үгіт-насихат іс-шарасы өтті.

– Алматы – Тәуелсіздігіміздің талбесігі. Шаһар іскерлік пен мәдени өмірдің орталығы ретінде еліміздің дамуына ерекше үлес қосып келеді. Алматыда халықтың белсенділігі жоғары болғандықтан біздің сайлауалды бағдарламамыздағы өзгерістер мен реформалардың негізгі тірегі де осы шаһардың тұрғындары, – деді партия төрағасы.

Ол сондай-ақ қала халқының нақты табысының өсуі туралы ҚХП бағдарламасының негізгі бөлігінде баса назар аударылып отырғанын жеткізді. Шағын және орта бизнес саласы тұрғындарды жұмыспен қамтудың 65 пайыздан астамын қамтып отыр. Осы ретте төраға жұмысшылардың еңбегі бағаланып, әділ жалақы алуы маңызды екеніне назар аударды.

Сонымен қатар Е.Ертісбаев алматылықтарды қатты алаңдатып отырған экология мәселесіне кеңінен тоқталды. Ол Халық партиясы көмірге тыйым салуды, жылу электр станцияларында заманауи газ тазарту жүйелерін орнатуды, автокөліктерге арналған жанармайдың сапасын бақылауды талап ететінін жеткізді.

– Жекелеген компаниялардың монополиясы мен көмір магнаттарының пайдасы шын мәнінде Алматы тұрғындарының денсаулығына үлкен зиянын тигізіп отыр. Сондықтан да бізге жеке үйлер мен агломерацияларды бюрократиялық кідіріссіз және әкімшілік шектеусіз газға тегін қосу бағытында жұмыс істейтін кешенді бағдарлама қажет, – деді ол.

Қаланың кезек күттірмейтін мәселелерін шешу туралы айта келе, ол мегаполистің бұрынғы алмалы баққа оранған қала мәртебесін қайтару қажет екенін тілге тиек етті. ҚХП қала ішіндегі арықтар желісін қайтадан жаңарту, жауын-шашын суларын реттеу жүйесін қалпына келтіруді көздеп отыр. Сонымен қатар, партия су қорғау белдеулерін салу мәселесін шешу және жер мәселесін ретке келтіруді көздейді.

Түркия мен Сириядағы соңғы оқиғаларға байланысты Ермұхамет Ертісбаев оңтүстік астананың сейсмикалық қауіпсіздігін қамтамасыз ету қажеттігін атап өтті. Төрағаның айтуынша, Алматыға арналған бағдарламаның үлкен бөлігі қордаланған әлеуметтік мәселелерді шешуге бағытталған. Бұл инклюзивті және қолжетімді ортаны қамтамасыз ету реформасы, зейнеткерлік жасты төмендету, ArtSport бағдарламасын қаржыландыру мен балалар жәрдемақысын ұлғайту болып отыр.

Іс-шара соңында төраға партияның барлық жоспарларын жүзеге асыруға мүмкіндік 19 наурызда өтетін сайлаудан соң туатынын нақтылап айтты. Сайлауалды үгіт-насихат жиыны барысында ұйымдастырушылар жиналғандарға Парламент Мәжілісі депутаттығына үміткерлер Эльмира Әуезова, Гаухар Танашева, Қуат Ерғалиев, Нұрсұлтан Шоқановты таныстырды.

Шара соңында танымал өнер адамдары алматылықтар үшін арнайы концерт


Біздің ресми аккаунтымызға жазылыңыз:
@halyk_partiyasy