Алматыны барлық туристерге қалай қолжетімді етуге болады?

Қазақстан Халық партиясы Алматы қалалық филиалының басшылығы «Asar UNION» ҚБ төрағасы Аман Қанатұлымен кездесті.

Іс-шараға Алматы қаласы әкімінің мүгедектердің құқықтарын қамтамасыз ету және өмір сүру сапасын жақсарту мәселелері жөніндегі кеңесшісі Вениамин Алаев пен ҚХП атынан Алматы қаласы мәслихатының депутаты Талғат Мұхамедғалиев қатысты.

Оңтүстік астанада мүгедектігі бар адамдар үшін кедергісіз орта жасау мүмкін бе? Қалада мүмкіндігі шектеулі азаматтар үшін туризм қаншалықты дамыған? Осы және басқа да мәселелер кездесу барысында талқыланды. Пікірталаста тек сын ғана емес, сонымен қатар мүмкіндігі шектеулі азаматтар үшін көрікті жерлерді қалай қолжетімді етуге болатыны туралы нақты ұсыныс жасалды.

– Нақты туристік орындарды (мысалы, Есік көлі) алып, әрбір жобаны егжей-тегжей зерделеу керек, – деп санайды Аман Қанатұлы. – Пандустар салып, тұтқалар орнату қажет.

Ұсынылып отырған инфрақұрылымды мүгедектігі бар адамдар ғана пайдаланбайды. Пандустар арбалары бар аналар үшін, ал тұтқалар қарт туристер үшін ыңғайлы болады.

– Талқылау қорытындысында мүгедек адамдар үшін туризмді дамытудың нақты тетігін әзірлеу туралы шешім қабылданды, – деді кездесуге қатысушылар. – Болашақта Алматы қаласы туризм басқармасының өкілдерімен кездесу ұйымдастыру жоспарлануда.


Біздің ресми аккаунтымызға жазылыңыз:
@halyk_partiyasy