Елге белгілі мемлекет және қоғам қайраткері, педагогика ғылымдарының докторы Амалбек Тшанов 80 жасқа толды. Тегеурінді тұлға, асыл азаматты мерейлі мерейтойымен шын жүректен құттықтаймыз. Жүсіп Баласағұн «Адамда жақсы қасиет болмаса, оған бақ та, бақыт та қонбайды» деген.
Есімі ел шежіресіне енген Амалбек Қозыбақұлы Министр болды, облыс басқарды. Сонда да кісілік келбетін жоймай, ұлт болашағы жолында табанды еңбек етті. Жоғары кеңесте екі мәрте Парламент Мәжілісінің депутаты болды. Ұлттың үнін, мұқым елдің мұның биік мінберден батыл көтерді. Даралығын спортта да даусыз дәлелдеген Өзіңіздей атпал азамат жас буынның бет түзер құбыласы. Сіз баптаған спортшылар доданың алдын бермеді. 100-ден астам чемпиондарды тәрбиелеп, өсірдіңіз.
Бүгінде Халық партиясының ұстанымын толық қолдап жүрген біздің шын жанашырымыз әрі партияның ақсақалдар кеңесінің мүшесісіз.
Адамның ғұмыры өрелі іс, сүбелі сөз, айшықты қолтаңбасымен өлшенеді. Сіздің еңбегіңіз «Құрмет белгісі», «Құрмет», «Парасат» ордендерімен айшықталды.
Ұлттың ұстыны, алаштың абызына айналған Амалбек Қозыбақұлын мерейтойымен тағы бір мәрте шын жүректен құттықтаймыз!
Деніңізге саулық, отбасы, жақындарыңызға амандық тілейміз. Ұрпағыңызбен көктеп-көгеріп, мың жасаңыз!
Құрметпен,
Қазақстан Халық партиясының төрағасы
Е.Ертісбаев