Халықтың ықыласына бөленген «АртСпорт» бағдарламасын бүгінде шенеуніктер өз ыңғайына келтіруге бар күшін салып жатыр. Осы және өзге де мәселелер «Халық микрофоны» эфирінде айтылды.
Студия қонақтары Қазақстан Халық партиясынан Мәжіліс депутаттығына кандидат, «АртСпорт» РҚБ төралқа төрағасы Қуат Ерғалиев және ҚР Бала құқықтары жөніндегі уәкіл Аружан Саин (онлайн) болды.
Эфир барысында Қ.Ерғалиев Халық партиясы құрамына неліктен кіргенін түсіндіріп өтті.
«Халық партиясы – «АртСпорт» бағдарламасын қорғап, оған қолдау көрсеткен жалғыз саяси күш», – деді ол. – Мен ҚХП-ға дауыс беруге шақырамын. Кез келген ата-ана балаларының болашағы үшін біздің партияны таңдауы тиіс. Себебі, бұл партия ұрпаққа деген қамқорлығын сөзбен емес, ісімен көрсете алды.
«Артспорт» бағдарламасын Мемлекет бүлдіршіндерге өнер студияларына, техникалық үйірмелер мен спорт секцияларына тегін баруға мүмкіндік беру үшін әзірледі.
Әйткенмен, балапандардың нәпақасынан пайда таппаған шенеуніктер бұл бағдарламаны өз ыңғайына келтіруге тырысып бақты. Өткен жылғы көктемде Мәдениет және спорт министрлігі «Артспорт» үшін санаға сыймайтын ережелерді ұсынды. Яғни, шенеуніктер бөлінген ваучерлер мен үйірмелер, секциялар санын «оңтайландырды», сондай-ақ оқушылардың жасын 9-ға дейін көтеріп тастады. Мұның салдарынан бағдарлама қаржысы қысқарып кетті.
– Билікте мәдениет пен спорт саласында тікелей қаржылық мүдделері бар адамдар да жетерлік, – деп түсіндірді Аружан Саин. – Олар өздеріне аталмыш бағдарламадан «жасырын қалта» жасағысы келеді. Сондықтан соңына дейін күреседі.
Қазақстан Халық партиясы «АртСпорт» қозғалысын қолдады. Қоғамда көтерілген резонанстың арқасында түзетулер қайта қарауға жіберілді. Балалар әлі де спортпен және шығармашылықпен айналысуға мүмкіндік алады. Халық партиясы балалар мейірім мен қамқорлықты қазірден бастап сезініп өсуі керек дейді. Сондықтан жас буынның спортпен және шығармашылықпен тегін айналысқанын келешекте де талап ететін болады.