Қазақстан Халық партиясы атаулы әлеуметтік көмекті (АӘК) бір ең төменгі жалақы (ЕТЖ) мөлшеріндегі балалар жәрдемақысына алмастыруды ұсынды. Қазақстанда ЕТЖ 70 мың теңгені құрайды.
Мәжіліс депутаты Гаухар Танашева атап өткендей, мемлекет әлеуметтік осал топтарды, оның ішінде көпбалалы отбасыларға қолдау көрсетуді күшейтуі керек. Әйтпесе Қазақстан болашақта демографиялық мәселеге, ажырасу санының ұлғаюына, еңбек ресурстарының тапшылығына, кедейліктің өсуіне және әлеуметтік шиеленістің күшеюіне тап болады.
– АӘК - ге үміткер болу үшін көпбалалы, жұмыс істемейтін аналар жүздеген сынақтан өтуі керек, – деді Г. Танашева. – Әдетте әйелдер бюрократия мен мемлекеттік органдардың әуре-сарсаңынан салын суға жібереді. АӘК-ті алып тастау ең жақсы шешім болмақ. Бұл жағдайда балаларға төленетін жәрдемақының мөлшерін арттыру қажет. Әр балаға нақты көлемде, жұмсауға жеткілікті мөлшерде бірыңғай жәрдемақы төлеген дұрыс. Ең төменгі жалақы мөлшерінде әр балаға 70 мың теңге көлемінде мемлекеттік жәрдемақы тағайындалуы керек. – Бұл әлеуметтік қолдаудың ақылға қонымсыз мөлшері. Мұнда инфляцияның тұрақты өсуі, экономикалық тұрақсыз жағдай, тұрғын үйдің жоқтығы және халықтың осы санатындағы адамдардың тұрақты жұмыспен қамтылмағаны ескерілмеген, – деді мәжілісмен.
Қазақстан Халық партиясы фракциясының депутаттары Үкіметтен ҚР Президентінің тапсырмаларын орындау шеңберінде әлеуметтік қамсыздандыру саласында мемлекеттік органдар жүргізетін реформалардың барысы туралы толық ақпарат беруді сұрады.