Атом энергетикасын дамыту Қазақстанға үшін өте маңызды – Ермұхамет Ертісбаев

dep.jpg

Қазақстан Халық партиясының төрағасы Ермұхамет Ертісбаев "Евразия.Эксперт" ақпараттық-талдамалық порталына сұхбат беріп, елімізде атом электр станциясын салудың қаншалықты маңызды екенін негіздеп айтып берді.

27 тамызда Үкіметте АЭС салу мәселесі талқыланды. Энергетика министрі Алмасадам Сәтқалиев елімізде энергия тапшылығы проблемасы өсіп келе жатқанын және оның қазір балама шешімі жоқ екенін мәлімдеді. Ол АЭС салуға қарсы топтар БАҚ арқылы белсенді түрде наразылық білдіріп жүргізіп жатқанын атап өтіп. Оның пікірінше, бұл мәселе қазақстандықтар үшін "әдептілік, патриотизм және интеллект сынағы".

Бүгінде Қазақстанда АЭС салу бойынша бірнеше шетелдік компанияның жоба ұсынысы қаралуда. Олар: ресейлік "Росатом", қытайлық CNNC, оңтүстіккореялық KHNP және француздық EDF компанияларының ұсыныстары. Астананың мәлімдеуінше, референдумда АЭС салу туралы шешім қабылданса құрылыс барысы да көпшіліктің пікірі мен барлық геосаяси факторларды ескере отырып қабылданады.

– Атом электр станциясын салу мәселесі Қазақстан үшін өте өзекті мәселе. Елге жаңа энергия қуаты қажет. Бізде қазір электр қуатының жетіспеушілігі байқалады. Ал ол уақыт өте келе күшейе түседі және оны жаңартылатын энергия көздерімен жабу физикалық тұрғыдан мүмкін емес. Оған қоса, еліміз көміртегі бейтараптығына қол жеткізу мақсатында Париж келісімдеріне қосылды. Көмірсутек шикізатын пайдаланатын жылу электр станцияларының экологияға орасан зор зиян келтіретіні тағы бар, – деп нақтылады Е.Ертісбаев сұхбатында.

Республикамыз электр энергиясының тапшылығы, қолданыстағы өндірістік қуаттардың тозуы және халықаралық экологиялық талаптарға сәйкес келмеу сынды мәселелердің кесірінен тығырыққа тірелді.

Мұндай жағдайда базалық қуаттың "таза" энергия көзі тек атом электр станциясы бола алады. Демек, мемлекет үшін атом энергетикасын дамыту өте маңызды..."

Сұхбаттың толық мәтінін мына жерден оқи аласыздар:

Казахстану жизненно необходимо развивать атомную энергетику – казахстанский политолог


Біздің ресми аккаунтымызға жазылыңыз:
@halyk_partiyasy