28 ақпанда Парламент Мәжілісі депутаттығына кандидат Найля Аппасова Сәтпаев қаласындағы №57 шахтаның ұжымымен кездесті.
Қазақстан Халық партиясы жалдамалы жұмысшылардың, қызметкерлердің әлеуметтік құқығын қорғау жолында күресіп келеді. Еңбек заңнамасы әлеуметтік әріптестік тараптардың өзара міндеттемелеріне елеулі түзету енгізуді талап етеді. Әлі күнге дейін лайықты еңбекақы төлеу, зиянды өндірістерде денсаулыққа залал келтіру, өндірістік жарақаттану, зейнетақымен қамту, әлеуметтік жеңілдіктер мен сала қызметкерлері үшін кепілдік беру мәселелері өзекті болып қала береді.
– Халық партиясы ауыр, зиянды немесе қауіпті жұмыста істейтін қызметкерлерді 50-55 жастан зейнетке шығару маңызды деп санайды. Бұл мәселенің шешімі бірнеше қиындықтың алдын алады. Атап айтқанда, кәсіби және басқа аурулардың, сондай-ақ өндірістік жарақаттардың пайда болу қаупін азайтады, – деді ол.
Сонымен қатар партия өкілі халыққа тегін медициналық қызмет көрсетуді, тегін білім беруді, негізгі инфрақұрылымдық салалар мен стратегиялық маңызды кәсіпорындарды мемлекет меншігіне қайтаруды қолдайтынын тілге тиек етті.