Ауыл мәселесі Парламентте көтеріледі

Қазақстан Халық партиясы өңірлік филиалдармен және партиядан сайланған мәслихат депутаттарымен кеңес өткізді. Жиынға Мәжіліске ҚХП атынан сайланған депутат, Аграрлық мәселелер комитетінің мүшесі Ислам Сұңқар модератор болды.

Партияның өңірлік өкілдіктері мен мәслихат депутаттары ел азаматтарының арыз-шағымынан құралған ауыл шаруашылығы саласының өзекті мәселелерін ортаға салды.

Ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілер көкөніс базаларының жетіспеушілігіне, субсидия алу кезіндегі әкімшілік кедергілерге, қаржыландырудың жеткіліксіздігіне және жоғары өндірістік шығын кезіндегі өнімді қайта өңдеудің төмен үлесіне шағымданатыны анықталды.

Кеңес алдағы уақытта Мәжілісте өтетін ауыл шаруашылығы мәселелері жөніндегі Үкімет сағатының алдында ұйымдастырылды.

– Біздің фракция ауыл шаруашылығы министрлігіне ұсыныс пен ұсыным әзірлейді, – деді И. Сұңқар. – Сіздерден алған ақпаратты жүйелеп, Үкімет немесе жергілікті атқарушы орган деңгейінде реттейміз. Барлық ұсыныс пен талап Парламентке тапсырылады, – деді мәжілісмен.


Біздің ресми аккаунтымызға жазылыңыз:
@halyk_partiyasy