Жастардың үлкен қалаларға кетуі ауыл шаруашылығына кері әсерін тигізеді.
Мұны Парламент Мәжілісі депутаттығына кандидат, «Мар-Эль» шаруа қожалығының төрағасы Марат Асанов тек «Халық микрофоны» хабарының тікелей эфирінде ғана емес үнемі кез келген жерде айтып жүр.
Марат Асановтың айтуынша, оның шаруашылығында көптеген жастар жұмыс істейді. Ол жұмысшыларын қожалықта сақтап қалу үшін, пайызсыз бөліп төлеу арқылы баспана беріп ынталандырады.
Студия қонағы ауылшаруашылық мақсатындағы бос жатқан жердің мәселесі мен ресейлік тауар өндірушілермен тең емес бәсекелестікті тілге тиек етті.
Марат Асанов Халық партиясының сайлауалды бағдарламасында қазақстандық тауарларға қосымша құн салығын алып тастауды және 5 пайыздық бірыңғай айналым салығын енгізуді ұсынып отырғанын атап өтті. Бұл құрдымға кеткелі тұрған бизнесті құтқару мен ел экономикасының игілігі үшін адал еңбек етуге жол ашады.
Қазақстан – табиғи ресурстар мен пайдалы қазбаларға бай мемлекет. Алайда, оларды сату мен өңдеуден түскен пайда олигархтардың қалтасына құйылады. Ал халықтың басым бөлігі жалақыдан жалақыға әзер жетіп, күн көріп жүр. Осы орайда, Халық партиясы табиғи байлық Қазақстан халқына тиесілі болуы керек деп есептейді.
ҚХП ұлттық байлықты ел азаматтарына қайтару механизмін логикалық қорытындыға келтіруге, араб елдеріндегі рента қағидаты бойынша әрбір қазақстандыққа дивидендтер төлеуді заңнамалық тұрғыдан бекітуді талап етеді.
Сұхбаттың толық нұсқасын партияның YouTube арнасынан көруге болады.