9 наурызда Парламент Мәжілісі депутаттығына кандидат Қалел Мақсұтов пен мәслихат депутаттығына үміткер Нұрлан Әбжанов Қарағанды облысы Шет ауданына қарасты Ақадыр ауылының тұрғындарымен кездесті.
– ҚХП Қазақстан азаматтарына ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлерді 5-тен 500 гектарға дейінгі аумақта 7 жылға пайдалану құқығын тегін беруді қолдайды. Бірақ бұл заңды тұлғаларға жүрмейді. Елімізде 100 млн. гектардан астам бос жатқан жер бар, оларды айналымға еңгізу керек, – деді Қалел Мақұтов.
Халық партиясы ауылдық жерлерде көпбалалы отбасылар үшін тегін тұрғын үй салудың мемлекеттік бағдарламасын әзірлеуді талап етеді. Сонымен қатар ауылдарға қатысты барлық жобаларды қарап, елді мекендерді дамыту үшін қаржы бөлу қажет.
Жастар арасындағы жұмыссыздық пен баспана мәселесі күн тәртібінде күйіп тұр. Осыған орай Мемлекет студенттерге жатақханада тегін тұруды қамтамасыз етуі тиіс. Ондай мүмкін болмаған жағдайда мемлекеттік және жеке оқу орындарының студенттері үшін айына 77 777 теңге мөлшерінде өтемақы берілуі тиіс.
Сондай-ақ, партия мүшелері ҚХП жүзеге асыруға ниетті саяси реформаларға да тоқталды. Партияның негізгі ұраны – Билік пен байлық халыққа тиесілі.